Танымал қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында әріптесі Луинаның туған күніне арналған кештен видео жариялады. Өнер иесі мерекелік шарадан естелік бөліскенімен, көпшілік оның таңдаған киім үлгісіне көбірек назар аударған, деп хабарлайды kznews.kz.
Әншінің жарияланымы аз уақыт ішінде қызу пікірталасқа ұласып, желі қолданушылары оның образына қатысты түрлі пікір білдірді. Кейбір оқырмандар ашық киімді орынсыз деп санап, өнер иесінің жасына байланысты сын айтқан.
«Күйеуі қайда қарайды?», «Төс көрсетуден жарыс болып жатыр ма?», «Көкірегіңіз көшеге шығып кетіпті ғой», «Төсін сонша ашқаны несі?» деген пікірлер жазылған.
Сонымен қатар кейбір қолданушылар әншінің жасына назар аударып, «Жас емессіз ғой, жасыңызға сай киінсеңізші», «50-ге келіп мұнысы несі?» деген сыни пікір қалдырған.
Бұған қоса, желіде әншінің сыртқы келбетіне қатысты өзге де жағымсыз пікірлер айтылды.
Мәдина Сәдуақасова — отандық эстрадада көп жылдан бері жүрген танымал өнер иелерінің бірі. Ол 1999 жылы «Жас қанат» байқауында Гран-при иеленіп, кейін жеке шығармашылығын дамытқан.
Әншінің бұл жолғы жарияланымы да әлеуметтік желідегі талқылауға себеп болып, оқырмандардың назарын аударды.