Зейнетақы жинағы: активтер артқанымен, салымшылар көбейген жоқ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сәкен Майғазиев әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

Сәкен Майғазиев әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Turkystan.kz

«МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев жүрек талмасынан кейін ауруханаға түскен әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап, оған арнайы барып қайтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайы біршама тұрақталған. Дегенмен дәрігерлердің бақылауында болып, ерекше күтімді қажет етіп отыр. Әншінің денсаулығына қатысты алдағы емдеу тәсілін анықтау үшін білікті мамандардың кеңесі қажет.

«Екі күн бұрын жағдайы күрт нашарлап, ұстама болды. Бүгін денсаулығы сәл жақсарған. Бірақ мамандардың айтуынша, оған қазір мұқият күтім керек. Қазақстандағы жетекші кардиологтарды жинап, консилиум өткізіп, ортақ шешімге келген дұрыс. Мұндай жағдайда асықпай, жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн», – деді Сәкен Майғазиев.

Мамандардың алдын ала болжамына сәйкес, егер Кенжебек Жанәбіловке хирургиялық ем қажет болса, әнші бірнеше ай сахнадан уақытша алыстауы мүмкін. Дәрігерлердің пайымынша, толық ем алып, ағзаны қалпына келтіру үшін оған шамамен үш-төрт ай қажет болады.

Сәкен Майғазиев әріптесінің жанкүйерлеріне де үндеу жасап, Кенжебек Жанәбіловке жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетуге шақырды.

«Кенжебек Тұрсынбайұлы үшін дұға етейік. Алла Тағала оған шипасын берсін. Ауырған адамға қолдау көрсету, көңілін көтеріп, күлкі сыйлау – сауапты іс дейді. Денсаулығы толық қалпына келіп, қайтадан күш-қуатқа толып, сахнаға оралсын. Кенжебекке мықты денсаулық тілеймін. Барша қазақстандықтарға да амандық тілеймін», – деп жазды өнер иесі.

Қазір әншінің денсаулығына қатысты негізгі шешімдерді дәрігерлер қабылдап жатыр. Жақындары мен әріптестері оның тезірек сауығып, шығармашылыққа қайта оралуын тілеп отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.