Банктерде не болып жатыр: несие өскенімен, табыс қысымда қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Анасына пышақ жарақатын салды деген күдікті Вьетнамнан Қазақстанға жеткізілді

Анасына пышақ жарақатын салды деген күдікті Вьетнамнан Қазақстанға жеткізілді
Видеодан кадр: ҚР Бас прокуратурасы

Анасына бірнеше рет пышақ жарақатын салды деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Вьетнамнан елге экстрадицияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, ер адам денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға жеткізілген.

Тергеу нұсқасы бойынша, оқиға былтыр қараша айында болған. Күдікті өз үйінде алкогольдік масаң күйде жанжал шығарып, анасына бірнеше рет пышақ салған болуы мүмкін.

Оқиғадан кейін ол құқық қорғау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің Вьетнам аумағында жүргені анықталған. Биыл маусым айында ол Дананг қаласында ұсталған.

Кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде күдікті елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер