Банктерде не болып жатыр: несие өскенімен, табыс қысымда қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Жүрегім ауырып отыр": Жанар Айжанова күйеу баласының қауіпті видеосын көріп шошыды

"Жүрегім ауырып отыр": Жанар Айжанова күйеу баласының қауіпті видеосын көріп шошыды
фото: ашық дереккөз

Экстремал спортшы Сәкен Қағаровтың кезекті видеосы енесі Жанар Айжанованы шошытты. Әнші қауіпті кадрларды көргеннен кейін күйеу баласына бірден хабарласып, сақ жүруін сұраған, деп хабарлайды kznews.kz.

Желіде тараған видеода Сәкен Норвегияның тауында, екі жардың арасында тұрған үлкен тастың үстінде экстремал әрекет жасап жүр. Оның биікте әрі тұрақсыз көрінетін тастардың ортасында секірген сәті Жанар Айжанованы қатты алаңдатқан.

Кейін спортшы енесінің осы видеоға қатысты жіберген хабарламасын парақшасында бөлісті. Әнші Сәкенге тастардың ортасында жүрудің қауіпті екенін айтып, оқыс жағдай болуы мүмкін екенін ескерткен.

“Әйй, Сәкен балам басқа жер таппадың ба? Анауың не? Екі тастың ортасында, онымен қоса секіресің, ана тас құлап кетсе не істейсің? Масқара ғой, мынау. Жүрегім ауырып отыр”, – деді Жанар Айжанова.

Енесінің уайымын түсінген Сәкен Қағаров оған:

“Кешірші, мама”, – деп жауап берген.

Бұл шағын диалог әлеуметтік желіде жылы қабылданды. Қолданушылардың назарын экстремал әрекеттің өзінен бөлек, Жанар Айжанованың күйеу баласына алаңдап, амандығын ойлағаны аударды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.