Банктерде не болып жатыр: несие өскенімен, табыс қысымда қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дастан Сәтбаев 18-ге толды: «Челси» сапында ресми ойнауға жол ашылды

Дастан Сәтбаев 18-ге толды: «Челси» сапында ресми ойнауға жол ашылды
фото: ашық дереккөз

Осылайша, 18 жасқа толған Дастан Сәтбаев үшін «Челси» сапындағы жаңа кезең ресми түрде басталды.

Бүгін, 12 тамызда Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайраттың» түлегі Дастан Сәтбаев 18 жасқа толды, деп хабарлайды kznews.kz.

Осы күннен бастап жас футболшы лондондық «Челси» клубының толыққанды ойыншысы атанып, команда сапында ресми түрде өнер көрсету құқығына ие болды.

ФИФА ережесіне сәйкес, кәмелетке толмаған футболшылардың халықаралық трансферіне шектеу қойылады. Осыған байланысты Сәтбаев 18 жасқа толғанға дейін күтуге мәжбүр болған. Енді оның «Челсимен» жасасқан келісімшарты толық күшіне енді.

Сәтбаев бұған дейін лондондық клубтың маусымалды дайындық ойындарына қатысып, Австралия, Индонезия, Малайзия және Гонконгта өткен кездесулерде алаңға шықты.

Жас шабуылшы «Челси» сапындағы алғашқы матчында-ақ негізгі құрамда ойнап, командадағы алғашқы голын соқты. Сондай-ақ ол «Тоттенхэм», «Ювентус» және малайзиялық «Джохор Дарул Тазим» клубтарына қарсы кездесулерде өнер көрсетіп, халықаралық тәжірибе жинақтады.

Енді қазақстандық футболшыға «Челсидің» аңызға айналған «Стемфорд Бридж» стадионында алаңға шығуға мүмкіндік туып отыр.

15 тамызда лондондық клуб Премьер-лигадағы жаңа маусым басталар алдындағы соңғы жолдастық кездесуін өз алаңында өткізеді. «Челсидің» қарсыласы Испанияның Ла Лигасында өнер көрсететін «Реал Сосьедад» болады.

Осылайша, 18 жасқа толған Дастан Сәтбаев үшін «Челси» сапындағы жаңа кезең ресми түрде басталды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.