Банктерде не болып жатыр: несие өскенімен, табыс қысымда қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді
фото: ашық дереккөз

Алматы тұрғындары жер асты дүмпулері сезілгенін хабарлап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz. Бұл туралы олар әлеуметтік желілерде жазды.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, 12 тамызда Астана уақытымен сағат 12:14-те Қырғызстанда магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 6 шақырым тереңдікте орналасқан.

Эпицентр Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 127 шақырым және Нарыннан солтүстік-батысқа қарай 71 шақырым жерде болды.

Сондай-ақ, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәліметінше, 2026 жылғы 12 тамызда Астана уақытымен сағат 12:14-те Алматыда 2 балдық жер асты дүмпулері сезілген.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.