Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері
Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері
Мазмұны
56 бет
Кіріспе
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … ..6
1 «Құқықтық мемлекет» және «Негізгі заң» ұғымдарына жалпы құқықтық
сипаттама … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … 9
1.1 Құқықтық мемлекет түсінігінің
негізі … … … … … … … … … … … … … … 9
1.2 Негізгі заң түсінігіне жалпы
сипаттама … … … … … … .. … … … … … … .18
2 Конституция — құқықтық мемлекеттегі негізгі заң
ретінде … … … … … … .21
2.1 Шет елдердің конституцияларына құқықтық
талдау … … … … … … … 2 1
2.2 Құқықтық мемлекет құру жолындағы елдердің Конституциясында
белгіленген кейбір
ерекшеліктері … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … .30
3 Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы
ретінде
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … .41
Қорытынды
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … 56
Пайдаланған дерек көздер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
.60
Кіріспе
Конституция, Ата заң — мемлекеттің Негізгі Заңы, елдегі барлық басқа
заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция
осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси
және құқықтық құжаты болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Құқықтық демократиялық мемлекетте
Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің негізгі заңы аса жоғары мәнге ие
болғандықтан, дипломдық жұмыстың таңдалған тақырыбы бүгінгі таңда өзекті
мәселе екендігін айқын көрсетіп отыр.
Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда
(Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ.
Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша
сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте
елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Болжалды қолданылу мерзіміне қарай
Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша
Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет
болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген
жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның
қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа
Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда,
Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе
аралас тәсілдермен қабылданады [1].
Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель қалыптастырған
болатын. Ол кезде Конституция деген сөз саяси құрылыс ұғымын
білдіретін. ХҮІІ ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі.
Ұлы француз төңкерісі қарсаңында Конституция сөзі Мемлекеттің жай-күйі
ұғымын танытты. Конституция сөзі латынның constitutio – бекіту, орнату
деген мағынаны білдірді. Рим империясы заңдарында императорлардың құқық
көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта
ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық
проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде
құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық
елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес.
Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы,
саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық
ерекшеліктері болады.
Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде
қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында
объективтік ерекшеліктері болады [2].
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне
сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның
толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын
кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.
2) Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі — өндіргіш күш пен
өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық
мемлекетте меншіктің басым көпшілігі — өндіруші мен тұтынушылық билігінде
болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету
үшін оларға толық бостандық беруі керек.
Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге,
нытайтуға болады.
3) Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі — өзін-өзі басқаратын
азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың
жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның
әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс
бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік
мемлекет.
4) Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі — гуманизм, әділеттік,
бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы
жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай
қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.
5) Құқықтық мемлекеттің саяси негізі — халықтың, ұлттық тәуелсіздігін
қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын,
теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды
реттеп басқару.
Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық экономиканы
дамытты. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған жоқ: 20-60 жж.
Экономиканың, мәдениеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі
болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшіліктері басым болды.
Сондықтан Одақ ыдырады…
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін
90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай
басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар
қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан
төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен
дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған
әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып
дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық
сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз
осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап,
ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен [3].
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында
ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде
жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз
отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да
ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына
мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-
ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз
халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс
жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық
заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң
әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы
жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр.
Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз
Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
Проблеманың ғылыми өндеу дәрежесі. Конституцияны зерттеуінің кейбір
қырлары жекелеген оқулықтарда, түсініктемелерде, ғылыми мақалаларда және
басқа да арнайы әдебиеттерде жарық көрді.
Жұмыстың мақсаты. Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – құқықтық
мемлекеттегі Негізгі Заңның ерекшеліктерін жан жақты қарастырып, зерттеу
болып отыр. Осы аталған мақсатқа жету үшін алға келесі міндеттер қойылып
отыр:
— «Құқықтық мемлекет» және «Негізгі Заң» ұғымдарына жалпы
құқықтық сипаттама беру;
— Конституцияны – құқықтық мемлекеттегі негізгі заң ретінде
алып қарастыру, әр елдердің конституциясының ерекшеліктеріне
тоқталып өту;
— Қазақстан Республикасының Конституциясын – құқықтық мемлекет
құрудың кепілі ретінде зерттеу.
Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі. Осы жұмыста жалпы ғылыми
әдістер, сондай-ақ диалектикалық, қисындық, тарихи, салыстырмалы-құқықтық
әдістер қолданылды. Оларды қолдану конституциияны анағұрлым жалпы даму
заңдылығын зерттеуге мүмкіндік береді.
Зерттеудің нормативтік-теориялық базасын мыналар қүрайды: Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Шет
елдердің конституциялары ж.т.б.
Зерттеу обьектісі болып құқықтық мемлекеттегі Негізгі Заңы –
Конституция қарастырылып отыр.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші тарауында «Құқықтық мемлекет» және «Негізгі Заң» ұғымдарына жалпы
құқықтық сипаттама беріліп отыр..
Екінші тарауында Конституцияны – құқықтық мемлекеттегі негізгі заң
ретінде алып қарастырылып, әр елдердің конституциясының ерекшеліктеріне
тоқталып жан жақты талдау жасалынды.
Үшінші тарауында Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық
мемлекет құрудың кепілі ретіндегі басты міәселелері көтерілген.
1 «Құқықтық мемлекет» және «негізгі заң» ұғымдарына жалпы құқықтық
сипаттама
1.1 Құқықтық мемлекет түсінігінің негізі
Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда
болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет
туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен
құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда
құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық
доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы,
абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен
теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық
және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм
теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына
Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б.
қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен
құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын
алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен
жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет
әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің
қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге
тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі
қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік
биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара
қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері
мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның
органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар
алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық
мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында
шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет
тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды
адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті
жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті – адам құқықтарын
қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі
мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады.
Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз
байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және
экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді [4].
Құқықтык мемлекет дегеніміз — жеке адам және коғам мүддесін қорғайтын,
заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға,
Құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.
Құқықтық мемлекеттің негізі:
— Құқықтық мәдениет;
— Азаматтық қоғам;
— Заңдылық және құқықтық тәртіп;
Құқықтық мемлекеттің белгі-нышандары:
1. Заңның үстемдік етуі.
2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі.
3. Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.
4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың
құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.
5. Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.
6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құкықтық нормалар мен
принциптерге сәйкес келуі.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық
проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде
құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық
елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес.
Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы,
саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық
ерекшеліктері болады.
Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде
қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында
объективтік ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне
сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның
толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын
кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.
2) Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі — өндіргіш күш пен
өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық
мемлекетте меншіктің басым көпшілігі — өндіруші мен тұтынушылық билігінде
болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету
үшін оларға толық бостандық беруі керек.
Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге,
нытайтуға болады.
3) Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі — өзін-өзі басқаратын
азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың
жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның
әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс
бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік
мемлекет.
4) Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі — гуманизм, әділеттік,
бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы
жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай
қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.
5) Құқықтық мемлекеттің саяси негізі — халықтың, ұлттық тәуелсіздігін
қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын,
теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды
реттеп басқару.
Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға
мүмкіншілік қалыптасады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:
— мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау;
азаматтық қоғамның калыптасуы;
— қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың
рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
— мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың,
жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
— қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті
қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау;
— қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара
қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
— қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру.
Адамдар «заңның құлы» болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы
дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет
сөз бар:
Заң — мемлекеттің ақылы.
Сот — мемлекеттің жүрегі.
Мәдениет — мемлекеттің тәртібі.
Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің
ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен
принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды.
Адам қоғамының барлық дәуірінде құқықтық мемлекет кұру мәселесі толастап
көрген емес. Әсіресе елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм
орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату — деген дауыс, талап күшейіп отырды.
Бұл тұрғыдан өте күшті концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі
кезінде қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: Бостандық! Тендік!
Әділеттік! халыққа едәуір жақсылықтар әкелді.
Бірақ көп елде реакцияшыл буржуазияның кертартпа саясаты демократиялық
реформаны толық аяқтауға мүмкшшілік бермеді [5].
Ірі буржуазия саяси билікке қолы жеткеннен кейін құқықтық мемлекет
орнату бағытынан алшақтай бастады. Бұл елдерде буржуазияның үстемдігін
қорғайтын мемлекет пен құқық орнап көп уақыт өмір сүрді.
XX ғ. қоғамды басқару тәжірибесін шынықтырып капиталистік елдер жаңа
экономикалық саясатқа көшіп халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып,
бостандықтың шеңберін кеңітіп, демократиялық мемлекетті дамытуда. Бұл
саясаттың мазмұны:
1) Қазіргі заманда халықтың рухани сана-сезімі қоғамдық басқаруға,
қоғамдық меншік орнатуға жетілген жоқ. Сондықтан меншіктің түрлерін
шектемей нарықтық экономикаға толық бостандық беру. Осы жерде Өзімдікі
дегенде өгіздей күшім бар… деген мақал дұрыс келеді.
2) Нарықтық экономика арқылы халықтың еңбекке деген ынтасын көтеріп,
шаруашылықтың, өндірістің барлық саласында бизнесмендердің бәсекесін
дамыту.
3) Халыққа өздерінің әлеуметтік экономикалық мүддесін-мақсатын
орындаудағы іс-әрекетіне толық бостандық беріп, мемлекет тек көмек
көрсетуге тиіс. Мемлекет нарықтық экономика туралы заңды, құжаттарды дер
кезінде қабылдап олардың орындалуын қатаң түрде бақылап отыруы керек.
Әсіресе жеке меншікті қорғауды, адамдардың бостандығын сақтауды бірінші
бағытқа алу керек.
Осы жаңа экономикалық саясат капталистік елдердің соңғы 40-50 жыл
ішінде экономикасын дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып
демократиялық қоғам құруына мүмкіншілік беріп отыр.
Қазіргі заманда дүние жүзінің барлық мемлекеттері капитализмнің жаңа
экономикалық саясатын қабылдап нарықтық экономиканы дамытып жатыр. Кеңес
Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы кеңестік республикадар да осы жолға бет
бұрып отыр.
Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық экономиканы
дамытты. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған жоқ: 20-60 жж.
Экономиканың, мәдениеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі
болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшіліктері басым болды.
Сондықтан Одақ ыдырады…
Енді капиталистік елдердің XX ғ. 30-50 жж. либералдық-демократияға бет
бұрып, дамуының себептеріне қысқаша түсінік берейік.
Бірінші себебі — капиталистік елдер 1929-1938 жж. дүниежүзілік экономикалық
дағдарыстан Кеңес Одағының бір орталықтан жоспарлау тәжірибесінің жақсы
жағын пайдаланып экономиканың жақсы дамуына мүмкіншілік жасады. Жеке
меншіктегі шаруашылықтарға мемлекет тиіспеді. Міне осы тәсілді капиталистік
мемлекеттер үздіксіз пайдаланып келеді.
Екінші себебі — Ресейде, Қытайда тағы басқа Европа — Азия елдерінде
социалистік мемлекеттер орнап, қалың бұқараның мүдде-мақсатын орындаймыз-
қорғаймыз деген желдірме ұрандарынан ірі буржуазия сескеніп халықтың,
саяси-әлеуметтік жағдайына көңіл бөлуге мәжбүр болды. Бұл саясатты дұрыс,
жақсы дамытуға ғылыми-техникалық революция экономикалық жағдай жасады.
Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:
— мемлекеттік биліктің үш саласының жұмысын жақсарту, әсіресе заңның,
нормативтік актілердің сапасын көтеру;
— нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету,
халықтың рухани сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;
— қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу-басқару бағытындағы
мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
— бостандықты, теңдікті, әділеттікті, демократияны дамыту;
— заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау. Қазақстан Республикасының
Конституциясы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары
демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру (1-бөлім) [6].
Демократиялық мемлекет — Қазақстанды алдымен Конституция қабылдап,
тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң,
оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық
құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы
органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және
мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық
мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен
жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да
мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар
беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі —
Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық (1-6. 2-т.).
Зайырлы мемлекет — Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін
ұстау мемлекеттен бөлістігін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен
православиелік тағы басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде
партия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі-әркімнің жеке
басының шаруасы. Елдегі дін ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің
жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.
Құқықтық мемлекет — Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды
адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты және
соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принцитері: азаматгар үшін
— заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі, мемлекеттік органдар
мен лауазым иелері үшін — Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұксат.
Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары дәрежеге көтеру және
азамат құқығы мен бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан
мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың
емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы
үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен
қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін
жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті
орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен
шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы
керек екенін түсінуі қажет.
Сонымен Қазақстанда реформаторлық процесс арқылы қоғамның саяси-
экономикалық құрылысында көп өзгерістер болды. Қоғамдық ғылымдарда жаңаша
ғылыми зерттеулер басталады. Мемлекет пен құқықты дүниежүзілік заң ғылымдар
туралы концепциямен бірлестіріп дамытуға мүмкіншілік туды. Отандық
кұқықтану, философиялық, экономикалық, саяси ой, сана, пікір құқықтық
демократиялық мемлекет туралы ғылымды зерттеуге, дамытуға бет бұрды.
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер,
әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын
себептері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың топтардың мүдде-мақсатына
қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе әр түрлі идеологиямен,
Саяси партиялармен байланысты болуы.
Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе Кеңес дәуірінде елімізде
марксистік мемлекетгік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде
қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны,
басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді,
дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи
нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу,
пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің
ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
Тағы бір ескертетін мәселе азаматтық қоғам деген алғашқы қауымдық
қоғамда да, құлиелену формациясында да, феодалдық формацияда да болған жоқ.
Себебі ол қоғамдарда азаматтық деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек
буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Сондықтан біз теорияны тек құқықтық
мемлекет туралы қарастырамыз.
Құқықтық мемлекет — тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі
ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын,
теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында
тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта
қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық
тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі
жақты жауапты объективтік процесс.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан
негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон,
Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық,
парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң
үстемдігі болмаса демократия жоқ — деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли,
Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп
қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.
Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан
атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П.
Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б.
Гроцкий — қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық —
адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл,
парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі — мемлекеттің қабылдаған
нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет
қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді [6].
Монтескье — мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын,
теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Локк — Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет
адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі
мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.
Кант — құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан
зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін,
ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін
калыптастыру деп түсіндірді.
Гегель — қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық
философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді.
Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет
құқықпен моральдың бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-
жақты жақсартуы.
Маркс — құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған.
Таптар жойылса құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық
мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық —
Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға
бағындырып, халықтың мүдде—мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда
ғана құқықтық мемлекет болады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақт дамып, дүние
жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты
деуге толық болады.
Билікті құқықпен, заңмен шектеу идеялары — барынша ескі идеялар, оның
негізін салушылар деп заңды түрде ежелгі грек философтары Платон,
Аристотельдер есептелінеді. Дегенмен заңсыздық және бассыздықпен күрес
проблемасы айрықша маңызға феодализм және авторитарлық және тоталитарлық
режимдегі буржуазиялық полицейлік мемлекеттер кезеңінде ие болды. Құқықтық
мемлекет идеяларын дамытуға И.Кант, В.Гегель сияқты ойшыл-философтар
барынша үлес қосты. Олар құқықтық мемлекеттің философиялық негізін қалады.
Канттың ойы бойынша, мемлекет — құқықтық заңдарға бағынатын көптеген
адамдардың бірлестігі. Жан-Жак Руссо, оның ой-толғамдары да құқықтық
мемлекет негіздеріне жатады, мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде пайда
болады деген идеяны негіздеп шығарды, өйткені халық ортақ істерді және
әрбір тұлғаның алдында тұрған істерді шешетін саяси (билік) күштің пайда
болуының объективті қа-жеттілігін түсінеді [7].
Құқықтық мемлекет теориясындағы аса маңызды мәселелердің бірі —
биліктерді бөлу қағидатын құрушылар Дж. Локк пен Ш.Монтаскье болып
табылады. Ш.Монтаскье: Белгілі бір жағдайда түрлі биліктер бір-бірін өзара
ұстап тұратын тәртіптер жүйесі қажет деп дәлелдеді.
Г.Едлинек құқық және заңның үстемдігі идеясын алдыға тарта оты-рып,
сонымен қоса мемлекеттің өзін-өзі шектеу теориясын ұсынды. Орыс заңгерлері
Н.М.Коркунов, П.И.Новгородцев, Г.Ф.Шершеневичтердің еңбектерінде құқықтық
мемлекет тақырыбы құқықтық мемлекетті шектеу тұрғысынан қарастырылды.
Жоғарыда айтылған идеялар негізінде кейінде төмендегідей белгілерімен
ерекшеленген құқықтық мемлекет концепциясы құрылды:
1. Өркениеттің тұрақты дамуының кепілі ретіндегі азаматтық қоғам-ның —
автономиялық, егемен, ерікті тұлғалар одағының және құқықтық мемлекеттің
өмір сүруіне қажетті жағдайдың болуы.
2. Мемлекеттің құқықпен байланыстылығы, ол:
а) мемлекеттің құқыққа қайшы келетін заңдарды шығаруға құқығы жоқ,
ә) мемлекет те, азаматтар да қабылданған заңдарды бірдей орындауға міндетті
дегенді білдіреді.
3. Мемлекеттік билікті ұйымдастырған кезде билікті бөлу қағидатын іске
асыру. Соған сәйкес мемлекеттік биліктің қалыпты өмір сүруі үшін оның
ішінде салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелді емес мынадай биліктер болуы
тиіс: парламентке тиесілі заң шығарушы, үкіметке тиесілі атқарушы, сотқа
тиесілі соттық. Мұндай бөлудің мәні биліктің бір тұлғаның немесе адамдар
тобының қолында жинақталып қалуына жол бермеу, сөйтіп тирандық және
авторитаризмнің алдын алумен негізделеді.
4. Заңның үстемдігі қағидатын сақтау. Бұл жоғары заң күшіне ие және
мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерін құрайтын Конституция негізгі заң
болуы тиіс дегенді білдіреді.
5. Құқықтық мемлекетте сот әділеттің және шынайы сот төрелігінің
салтанат құратын органы болуы керек. Сот— қандай да бір ықпалдан тәуелсіз
қорғау және бұзылған құқықтық жағдайды қалыпқа келтіретін орган.
6. Құқықтық мемлекеттің негізі — тұлғаның бостандығының, оның
құқықтары мен мүдделерінің, ар-ожданының бұлжымастығы, оларды қорғау және
кепілділігі.
Сөйтіп, құқықтық мемлекет — бұқаралық билікті жүзеге асыру формасы, бұл
жағдайда азаматтардың саяси ұйымы құқық және заңның үстемдігі негізінде
жүргізіледі, әрбір тұлғаның құқықтары, бостандықтары және міндеттерін
қорғау және қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Демократиялық мемлекет құру және дамыту туралы ой-толғамдар, идеяларды
қазақ ойшылдарының шығармашылық мұраларынан да көптеп кездестіруге болады.
Солардың бірі Абай Құнанбаев болып табылады. Ол құқықтық мемлекеттің
қағидаттарын құру мәселесі бойынша бірқатар салмақты ой-пікірлер білдірді,
олардың біразы күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жойған жоқ. Ақын
мемлекеттік егемендік позициясын жақтады, адамдарды ұйымдастыру мен
қорғаудың жоғарғы формасы заң деп таныды. Заңның рөлі туралы Абай былай деп
жазды: бізге ата-бабаларымыздан мұра боп қалған заңдардың жиынтығын —
Қасым салған қасқа жолды, Есім салған ескі жолды, Тәуке ханның Жеті
жарғысын білу қажет. Демократияның маңызды бір буыны, Абайдың пікірі
бойынша, заңның салтанат құруы болып табылады. Соттық биліктің тәуелсіздігі
туралы Абай идеялары Қазақстан Республикасы және дамыған елдер
Конституцияларының сот туралы ережелерімен астасып жатыр. Ол соттарды
шектеусіз мерзімге сайлауды жақтайды, олардың ауыстырылмауын қалайды:
білімді және білікті адамдарды, осы орында отыру мерзімін анықтамай-ақ,
сайлау қажет, тек өз істерін адал атқармағандарды ауыстыру керек [8].
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өте созылмалы және күрделі процесс.
Қазақстанның қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениетті даму
жолына қайта түсуімен сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция
Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы — адам, оның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары деп жариялады. Бұл ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген
1995 жылғы Конституция да, 1-баппен бекітті.
Құқықтық мемлекеттің бір белгісі мемлекеттік билікті ұйымдастыруда
биліктерді бөлу қағидаттарын жүзеге асыру болып табылады. Тұңғыш рет ол
жүйе құрушы қағидат ретінде 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Қазақ КСР-
інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның 7-бабында айшықталды.
Соған сәйкес, мемлекеттік биліктің барлық жүйесін реформалау жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 4-тармақшасында Республикада
мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөліну
қағидатына сәйкес жүзеге асырылады деп атап көрсетілген. Заң шығарушы
билікті Қазақстан Республикасының Парламенті, атқарушыны — Үкімет, сот
билігін — Жоғарғы сот және Қазақстан Республикасының төмен тұрған соттары
жүзеге асырады. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы — жаңа
Конституцияның өзіндік ерекшелік-терінің бірі. Тежемелік және тепе-теңдік
жүйесі элементтеріне парламенттік импичмент, Үкіметке сенімсіздік вотумын
білдіру, Президенттің парламентті таратып жіберу құқығы, Үкіметті және оның
мүшелерін орнынан босатуы жатады [9].
Қазіргі кезде конституциялық бақылау механизмі құрылуда. Республикада
конституциялық бақылаудың қалыптасуы құқықтық мемлекет құру туралы пайда
болған конституциялық бағыт-бағдарлармен тығыз байланысты. Басқа
нормативтік актілерден Конституцияның сөзсіз басым болуы құқықтық
мемлекеттің белгілерінің бірі болып табылады. Құқықтық мемлекеттің тағы бір
негізгі қағидаты мемлекеттің өзінің және оның органдарының Қазақстан
Республикасы Конституциясына міндетті түрде бағынышты болуынан көрінетін
құқықтық үстемдігі болып табылады.
Конституциялық кеңес заңдар және басқа да нормативтік актілерді, егер
олар Конституцияға қайшы келетін болса, Конституцияға сәйкес келмейді деп
тануға құқылы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам, оның құқықтары мен
бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен
бостандықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік
биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алдыға тартады.
Конституция саяси, заңдық және басқа да кепілдіктердің нақтылы жүйесін құру
үшін негіз қалады. Ол өз кезегінде баршаның заң мен сот алдындағы теңдігін,
мемлекет пен түлғаның екіжақты жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Конституция Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам қалыптастыруға
ықпал жасайды. Бұл Конституцияда идеологиялық және саяси әралуандылық
танылатынынан айқын көрінеді (5-бап). Бұқаралық билікті саяси әралуандылық
негізінде жүзеге асырады. Конституция саяси партияларға, қоғамдық
бірлестіктерге, қозғалыстарға саяси және мемлекеттік өмірге қатысу үшін тең
мүмкіндік береді. Үстемдік етуші ретіндегі қандай да бір идеологияның
белгіленуіне жол берілмейді. Азаматтық қоғам мемлекет және азамат, тұтынушы
және өндірушінің әлеуметтік серіктестігі, нарық шаруашылықтары меншік
түрлерінің әралуандылығымен сипатталады.
1995 жылғы Конституцияның басты бір жетістігі барлық деңгейдегі
соттардың тәуелсіздігінің кепілдігі болып табылады. Сот билігінің тәуел-
сіздігі судьялардың өкілеттігін сайлаудың, тағайындаудың және тоқтатудың
ерекше тәртібімен, сонымен бірге сот құрамын құруға Жоғарғы Сот Кеңесі және
Әділет біліктілік комиссиясы сияқты тәуелсіз органдардың қатысуымен
айқындалады. Судьялардың тұрақтылығы қағидаты бекітілген (79-бап, 1-т.),
судьялар өмірлікке сайланады және тағайындалады. Қазақстан Республикасының
Конституциясына 1998 жылғы 7 қазанда Парламент енгізген қосымшалар сот ісін
жүргізуді демократизациялауға бағытталған. 75-баптың 2-тармағына сәйкес
қылмыстық сот ісін жүргізу заңмен белгіленген белгілі бір жағдайларда өзге
де нысандар арқылы жүзеге асырылады. 1995 жылғы 20-желтоқсанда қабылданған
«Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, өзгерістері және
толықтыруларымен, соттарды жеке билік ретінде бекіткен, соттар өз
қызметінде заң шығарушы және атқарушы биліктерден тәуелсіз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы Қазақстанды құқықтық
мемлекет деп жариялайды. Демек Қазақстан құқықтық мемлекет құру және оның
негізгі белгілерін конституциялық бекіту жолында тұр [10].
Сонымен құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі
мазмұны — халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен
құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші — адам, қалың бұқара.
Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық
саласын басқаруға қатыстыру қажет.
1.2 Негізгі Заң түсінігіне жалпы сипаттама
Конституция, Ата заң — мемлекеттің Негізгі Заңы, елдегі барлық басқа
заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция
осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси
және құқықтық құжаты болып табылады.
Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда
(Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ.
Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша
сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте
елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Болжалды қолданылу мерзіміне қарай
Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша
Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет
болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген
жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның
қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа
Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда,
Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе
аралас тәсілдермен қабылданады.
Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель қалыптастырған
болатын. Ол кезде Конституция деген сөз саяси құрылыс ұғымын
білдіретін. ХҮІІ ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі.
Ұлы француз төңкерісі қарсаңында Конституция сөзі Мемлекеттің жай-күйі
ұғымын танытты. Конституция сөзі латынның constitutio – бекіту, орнату
деген мағынаны білдірді. Рим империясы заңдарында императорлардың құқық
көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта
ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Ең алғашқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған
болатын. Ұлыбритания, Жаңа Зеландия жазбалы емес конституциялары бар
мемлекеттер. Оның жазбалы емес конституция деп аталуы ХІІІ – ХХ ғасырларда
қабылданған көптеген актілер, соның ішінде сот үрдістері (прецедент), әдет-
ғұрып (конституциялық келісім) жататындығынан. Бұлардың бәрі бір-бірімен
байланысы жоқ, белгілі бір жүйеге келтірілмеген, сондықтан тұтас акті
ретінде қалыптаспаған.
Ең алғашқы жазбалы Конституцияны (ішкі құрылымдарға бөлінген бірыңғай
негізгі заң) АҚШ – тікі деп атауымызға болады, ол 1787 жылы қабылданып, осы
уақытқа дейін қолданылып жүр. Еуропадағы жазбалы конституциялар Польша мен
Францияда 1791 жылы қабылданған болатын.
Конституцяның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық
құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық
күші бар құқық нормаларының жүйесі, ол бір жағынан адам мен қоғамның,
екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, сонымен
бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық және
конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі
құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі
басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші
әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды.
Заңнама, заңдар – мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар
қабылдаған нормативтік актілер (көбінесе, заңдар) кешені; сол мемлекеттегі
саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кейде сол нормалардың бір түрі де
заңнама деп аталады. Заңнама мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің
негізгісі болып табылады. Заңнама бөліктері өзара байланысты, әрі бір-
біріне бағынышты бірегей жүйені құрайды. Заңнаманы құрайтын бөліктер оны
қабылдаған мемлекеттік басқару құрылымындағы тиісті заң шығарушы органның
мәртебесіне қарай белгілі бір тармақтарға (жоғары билік органдары
қабылдаған заңдарға, үкімет қаулыларына, министрліктер мен идаралардың
нормативтік актілеріне, т.б.), сондай-ақ, олар қоғамдағы қарым-
қатынастардың қандай саласын реттеуге бағытталғанына қарай арнаулы
салаларға (азаматтық заңнамаға, қылмыстық заңнамаға, әкімшілік заңнамаға,
т.б.) бөлінеді.
Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы
Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. Болгарияның, Румынияның,
Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында
қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің Конституциялары, сондай-ақ
Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының
басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Арменияның,
Әзербайжанның, Литваның, Тәжікстанның Конституцияларын парламент қабылдап,
кейін референдумда бекітілді.
1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған
Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың
қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің
Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан)
тұрады.
Қазақстан Республикасының конституциясы – мемлекттің негізгі заңы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген
барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық,
ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып
табылып, құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы
конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде
есептеледі.
Заңнама жүйесінде мемлекеттің Конституциясы Негізгі Заң немесе Ата
Заң болып табылады. Ол жоғары заңи күшке ие: мемлекеттік органдардың бүкіл
заңдары мен басқа да нормативтік актілері Конституцияның негізінде және
соған сәйкес шығарылуға тиіс. Қазақстан заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясын, конституциялық заңдарды, Қазақстан Республикасының
заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан
Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын
қамтиды. Олар мемлекеттегі қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге
арналғанына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:
2 Конституция – құқықтық мемлекеттегі негізгі заңы ретінде
2.1 Шет елдердің конституцияларына құқықтық талдау
Қай кезеңде де және кез келген қоғамда барлық қоғамдық, әлеуметтік-
саяси, экономикалық, мәдени және басқа да қатынастарды құратын өзінше
іргетас, берік негіздер болып табылатын дәстүрлер болды, бар және бола
береді.
Егер адамзаттың өткеніне қысқаша ретроспективті шолу жасайтын болсақ,
онда мәселен, Ұлыбритания Конституциясының тарихы 700 жылдан астам уақытты
қамтитынын көреміз. 1215 жылы ағылшын королі Иоанн Безземельный негізін
салған еркіндіктер Ұлы хартиясындағы мемлекетті басқару қағидасы дамыған —
Батыс мемлекеттерінің гүлденуіне баянды негіз болса, ал АҚШ негізін
қалаушылары жасаған екі жүз жылдан астам тарихы бар Америка Құрама Штаттары
Конституциясы өміршеңдігін жоғалтқан жоқ. Негізгі заңның тұрақтылығын
сақтау және оны құрметтеу олардың табысты дамуының басты шарттарының бірі
болғаны анық [11].
Конституция, Ата заң — мемлекеттің Негізгі Заңы, елдегі барлық басқа
заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция
осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси
және құқықтық құжаты болып табылады.
Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд
Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ.
Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша
сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте
елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Болжалды қолданылу мерзіміне қарай
Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша
Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет
болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген
жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның
қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа
Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда,
Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе
аралас тәсілдермен қабылданады.
Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель қалыптастырған
болатын. Ол кезде Конституция деген сөз саяси құрылыс ұғымын
білдіретін. ХҮІІ ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі.
Ұлы француз төңкерісі қарсаңында Конституция сөзі Мемлекеттің жай-күйі
ұғымын танытты. Конституция сөзі латынның constitutio – бекіту, орнату
деген мағынаны білдірді. Рим империясы заңдарында императорлардың құқық
көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта
ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Ең алғашқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған
болатын. Ұлыбритания, Жаңа Зеландия жазбалы емес конституциялары бар
мемлекеттер. Оның жазбалы емес конституция деп аталуы ХІІІ – ХХ ғасырларда
қабылданған көптеген актілер, соның ішінде сот үрдістері (прецедент), әдет-
ғұрып (конституциялық келісім) жататындығынан. Бұлардың бәрі бір-бірімен
байланысы жоқ, белгілі бір жүйеге келтірілмеген, сондықтан тұтас акті
ретінде қалыптаспаған.
Ең алғашқы жазбалы Конституцияны (ішкі құрылымдарға бөлінген бірыңғай
негізгі заң) АҚШ – тікі деп атауымызға болады, ол 1787 жылы қабылданып, осы
уақытқа дейін қолданылып жүр. Еуропадағы жазбалы конституциялар Польша мен
Францияда 1791 жылы қабылданған болатын.
Конституцяның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық
құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық
күші бар құқық нормаларының жүйесі, ол бір жағынан адам мен қоғамның,
екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, сонымен
бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық және
конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі
құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі
басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші
әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды.
Заңнама, заңдар – мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар
қабылдаған нормативтік актілер (көбінесе, заңдар) кешені; сол мемлекеттегі
саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кейде сол нормалардың бір түрі де
заңнама деп аталады. Заңнама мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің
негізгісі болып табылады. Заңнама бөліктері өзара байланысты, әрі бір-
біріне бағынышты бірегей жүйені құрайды. Заңнаманы құрайтын бөліктер оны
қабылдаған мемлекеттік басқару құрылымындағы тиісті заң шығарушы органның
мәртебесіне қарай белгілі бір тармақтарға (жоғары билік органдары
қабылдаған заңдарға, үкімет қаулыларына, министрліктер мен идаралардың
нормативтік актілеріне, т.б.), сондай-ақ, олар қоғамдағы қарым-
қатынастардың қандай саласын реттеуге бағытталғанына қарай арнаулы
салаларға (азаматтық заңнамаға, қылмыстық заңнамаға, әкімшілік заңнамаға,
т.б.) бөлінеді.
Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы
Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. Болгарияның, Румынияның,
Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында
қабылданды.
Әрбір конституция өзіндік ерекшеліктерге ие. Дегенмен, көптеген
конституциялар кейбір жалпы сипаттарға ие болады:
а) конституция халықтық өкімет принциптерін жариялайды.
Мысалы, Бельгияның 1831 жылғы Конституциясының 25-бабында: Барлық билік
халықтан келіп шығады … делінсе, Италия Республикасының Конституциясының
1-бабында: Италия — демократиялық республика … . Тәуелзіздік тек халыққа
тиісті — дейді. Ал, Испания Конституциясының 1-бабында бұл елдегі ұлттық
азаттық тек халыққа тиесілі екені айтылады.
Өзбекстан Республикасы Конституциясының (1992ж.) 7-бабында: Мемлекеттік
биліктің бірден-бір қайнар көзі-халық болып табылады, деп жазылған. Тунис
Республикасының Конституциясының (1959 ж.) 3-бабында: Тәуелсіздік құқық
тек тунис халқына тән әрі оны Конституцияға сай жүзеге сырады-деп жазылған
[12].
б) Конституция адамдар мен азаматтардың құқықтық жағдайларын реттейді.
Мысалы, Бразилия Конституциясында арнайы бөлім бар. Ол Құқық Декларациясы
деп аталады. Венесуэланың Конституциясында (1953ж.) Жеке және қоғамдық
құқықтар мен міндеттер … жалғасы