қазақ тілі, жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспары, бұл кім
Күні, айы:
Мұғалімнің аты — жөні:: Кожахметова Айнур Хасновна
1 — сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
1. 1. 2. 1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1. 1. 4. 1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.
1. 2. 3. 1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1. 3. 2. 1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1. 5. 1. 2. Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:
Отбасы мүшелерін атай алады. Отбасындағы адамдардың атын айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Отбасы суреті бойынша өзінің отбасындағы адамдар туралы ақпарат бере алады (суреттегі кім екенін және оның атын айту). Қарындас/сіңлі сөздерінің айырмашылығын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Кез келген отбасы суреті бойынша отбасы мүшелерін еркін атай алады, өз отбасы туралы қосымша ақпарат бере алады.
3 — БӨЛІМ: МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ 1 — САБАҚ
Кейбір оқушылар:
Кез келген отбасы суреті бойынша отбасы мүшелерін еркін атай алады, өз отбасы туралы қосымша ақпарат бере алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы
(2 — 5 минут) (МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы (6 — 35 минут) (МК, Ұ) Оқушылардың назарын көрнекіліктерге аударамын. Бұл кім? – Бұл – ата. Бқл кім? – Бқд – әже. Бұл кім? – Бұл – әке. Бқл кім? – Бұл – ана. т. б. /оқушылармен бірнеше рет қайталау/ Оқушылардың назарын оқулықтағы 1 — тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударамын. Осы диалог арқылы оқушылар отбасы мүшелері атауларымен танысады (ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас/сіңлі). Сондай — ақ оқушыларға қарындас және сіңлі сөздерінің кімге қатысты қолданылатыны туралы түсіндіремін. Яғни ұл балалар өздерінен кіші қыз бала туралы қарындас сөзін, ал қыз балалар сіңлі сөзін қолданатыны туралы айтыламын. Оқушыларға түсінікті болу үшін сыныпта қарындасы/сіңлісі бар ұл бала мен қыз баланы ортаға шығарып, сол балалардың тәжірибесінде қарындас/ сіңлі сөздерінің мағынасын түсіндіремін.
Осы сөздерді қатыстырып, оқушылармен кластер құрастырамыз. Көрсетілген суретті оқушы өзі атап, жазылған сөздердің үстіне жапсырады Сергіту сәті:
«Бес бармақ»
«Бас бармағым — атам,
Балалы үйрек — әжем,
Ортан терек — әкем,
Шылдыр шүмек — шешем,
Титтей бөбек — мен
Отбасымды сүйем!
Оқушылармен өлең жолдарын қайталай отырып, қимылдарын көрсетеміз.
Осы жерде оқушылардың назарын тәуелдік жалғауға аудартамын.
Менің ата+м
Менің әже+м
Дәптермен жұмыс:
3 — тапсырма:
(МК) «Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға отбасы мүшелері атауларын тәуелдік жалғауының I жағында қолданылуымен (тек құрылымдық үлгіде) таныстырамын. Менің деген сөзбен ата сөзі атам түрінде қолданылатыны түсіндіріліп, солай жаттықтырамын.
(МК, Ұ) 2 — тапсырмада берілген үлгі бойынша толықтырып айту арқылы тәуелдік жалғауының қолданысы бекітіле түседі (Үлгі: ата — менің атам, әже — менің әжем т. с. с).
(МК, Ұ) 3 — тапсырмада оқушылар өз отбасы мүшелерінің атын айта алуды үйренеді
(Бұл — менің анам. Оның аты -…).
(ОТ) Оқушылар өз отбасының суретін сала алады.
Сол сурет бойынша отбасы мүшелерін атап, олардың атын айтуға жаттығады.
(Ж) 4 — тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша оқушылар отбасы мүшелері туралы сөйлеседі. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар өздерінің отбасы суретін пайдалана алады. Бірінші бала екінші баланың суретін (3 — тапсырманы орындау кезінде салған отбасы суреті) қарап, ішінен біреуді көрсетеді және оның кім екенін (Бұл кім?) және оның атын (Оның аты кім?) сұрайды. Екінші бала бірінші баланың сұрақтарына жауап береді. Сонда диалог шынайы болып шығады. Отбасы суретін сақтап қоюмыз, себебі келесі сабақта оқушылар оны қайтадан пайдаланады. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқулық
Аудиодиск: 3. 1. 1.; 3. 1. 4.
Қағаз, қарындаштар.
№1 жұмыс дәптері
Қосымша тапсырма: 3. 1.
Сабақтың соңы
(5 минут) (Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатамын. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой — пікірлерін білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Қорытындылау Сабақ мақсаты жетті. Оқушылар өз отбасы мүшелері туралы айта алады. Отбасы мүшелерін ажырата алады.
1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?
2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай — ақ АКТ — ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1. Бірлескен тыңдалым, айтылым.
2. «Сергіту сәті», «Сәйкестендіру»
3. Кері байланыс «Менің көңіл күйім»