Фото үшін қолтырауынға қолын созған жігіт оған жем бола жаздады
01.10.2018
11:01
0
7

Америкада көл жағасында ерекше суретке түскісі келген азамат су ішінде жатқан қолтырауынды құйрығынан сүйреген. Ал азулы жыртқыш оған бірден тап беріп, жемтігіне айналдыра жаздады деп хабарлайды korrespondent.net сайты.

Оқыс оқиғаны тәуекелшіл азаматтың досы видеоға түсіріп алған. Кейіпкер тыныш жатқан қолтырауынды көре сала, оны су ішінде құйрығынан сүйреген. Осы уақытта аллигатор оған бұрылып алып, оны бас салған.
Абырой болғанда, жігіт қолтырауынан дер кезінде қашып құтылады. Ал оның досы болса әбден күліп, жігіттің қорқақтығын мазақ еткен.
https://www.youtube.com/watch?v=iB5Cfo6AT0k
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ