Талғар ауданының әкімі қайтыс болды

1

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды. Бұл ақпаратты аудан әкімшілігінің қызметкерлері растады.

Жолан Ыбырайақынұлы Омаров 1979 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер, Қазақ ұлттық аграрлық университетін кадастр бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын «КИРЗАВОД-1» ЖШС атқарушы директоры болып бастады.

Әр жылдары «КИРЗАВОД-1» ЖШС бас директорының орынбасары, «Алматыжер ҒӨО» ЕМК Алматы филиалы заң секторының маманы, Қаскелең жер-кадастрлық филиалының басшысы, «Алматыжер ҒӨО» ЕМК директорының бірінші орынбасары, директордың міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы, Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2014 жылдың тамыз айынан бастап Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болды.

Кейін Райымбек ауданының әкімі болған.

Бүгінгі күнге дейін Жолан Ыбырайақынұлы Талғар ауданының әкімі қызметінде болған.