ҰҚК трансұлттық қылмыстық топ жетекшісін ұстады - Қылмыс
04.12.2018
19:31
0
6

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2018 жылғы 16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысы Жаркент қаласында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабының 2-бөлімімен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету), 194-бабының 4-бөлімімен (қорқытып алу) көзделген бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде тұрған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Жұмат Бегімбетовті ұстады", - делінген комитеттің хабарламасында.
Комитеттегілердің мәліметінше, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ