ка

"Соңына дейін күрес": Ақан Сатаев Серік Сәпиев жайлы фильм түсіріп жатыр - Бокс

07.12.2018 19:35
0
11

Танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаев Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиевтің өмірбаяны негізінде фильм түсіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақан Сатаев фильмнің постерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Суретте - жарық шамдары түскен шаршы алаң және рингке қарап тұрған адам. 

"Боксер" фильмнің слоганы былай деп жазылған: "Соңына дейін күрес. Ауыртпалықтар уақытша. Триумф мәңгі". 

 "Достар, ірі масштабты, қызықты жобаны бастағанымыз туралы қуанышпен хабарлаймын", - деп жазды режиссер Instagram желісіндегі парақшасында.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий