"Соңына дейін күрес": Ақан Сатаев Серік Сәпиев жайлы фильм түсіріп жатыр - Бокс
07.12.2018
19:35
0
5

Танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаев Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиевтің өмірбаяны негізінде фильм түсіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақан Сатаев фильмнің постерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Суретте - жарық шамдары түскен шаршы алаң және рингке қарап тұрған адам.
"Боксер" фильмнің слоганы былай деп жазылған: "Соңына дейін күрес. Ауыртпалықтар уақытша. Триумф мәңгі".
"Достар, ірі масштабты, қызықты жобаны бастағанымыз туралы қуанышпен хабарлаймын", - деп жазды режиссер Instagram желісіндегі парақшасында.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ