ка

Назарбаев Карл Байпақовтың туыстарына көңіл айтты - Ел жаңалықтары

23.11.2018 22:04
0
5

Мемлекет басшысы көрнекті археолог-ғалым, академик Карл Байпақовтың өмірден өтуіне байланысты оның туған-туысқандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Карл Молдахметұлы көп жылдар бойы Ұлы Жібек жолының бойындағы көне қалашықтардың орнын зерттеп, тарихи маңызы зор әрі құнды ғылыми еңбектер жазды. Сондай-ақ, ол Ұлттық ғылым академиясының Археология институтына басшылық жасап, елімізде археологиялық зерттеулерді ұйымдастыру жолында ауқымды жұмыс атқарды. Ғалымның жемісті еңбегі әр жылдары Ш.Уәлиханов және Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтармен, сондай-ақ өзге де жоғары дәрежелі марапаттармен атап өтілді.

Қазақстандықтар туған елі мен халқының игілігі жолында аянбай қызмет етіп, өзіндік өшпес із қалдырған ғалымның есімі мен сіңірген еңбегін ешқашан ұмытпайды деп сенемін", - делінген жеделхатта. 

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий