ка

Ерекше көйлегін көрсеткен қазақ қызы Таиландқа аттанды (фото) - новости Казахстана

29.11.2018 21:06
0
11

"Алматы аруы-2017" атанған Сәбина Әзімбаева "Ғаламшар аруы-2018" сұлулық байқауына қатысу үшін Таиландқа аттанды. Бұл туралы "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Өткен аптада Алматы қаласында өткен баспасөз конференциясында Халықаралық бизнес университетінің (UIB) студенті, "Алматы аруы-2017" атанған Сәбина Әзімбаева өзінің сән жолындағы жетістіктері мен "Алматы аруы" байқауына қатысқаны туралы, алдағы сайыстарға дайындығы туралы айтқан еді.

Сондай-ақ, алматылық ару байқауға киетін киімдерін де көрсетті. Ол халықаралық сұлулық сайысында 27 көйлек киеді.

Бойжеткен ақтық сынға бұрынғы үміткерлер секілді ұлттық киім емес, мемлекеттік рәміз бейнеленген костюммен шығады.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий