Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
06.12.2020
02:28
0
2
Тақырыбы: Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді.Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттері, тартылған банк аралық рессурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды: немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу т.б. арқылы көрсетіледі.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк б.т.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспондентік шоттардағы (Орталық банкте және басқа да коммерциялық банктерде) қалдықтармен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады
Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:
Осы әдісте қаражат өтімділігінің барбар деңгейінің, яғни «табыстылық-өтімділік» арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы шарт. Ең біріншіден, активтердің алғашқы резервтер тобында орналасатын қаражаттардың үлесі анықталады. Содан кейін банк қаражаттары активтердің екінші ретті резервтер тобына орналастырылады. Екінші ретті резервтер көлемі несиеге сұраныс пен салымдардың мөлшерімен анықталады, демек олар неғұрлым көп болса , соғұрлым салымдар көлемі бойынша көп резервтер талап етіледі.Активтердің үшінші тобына, яғни клиенттерге қарызға орналастырылатын қаражаттардың үлкен үлесі тиеді. Ең соңғы активтердің тобына салыстырмалы түрде өтелу мерзімі ұзақ жоғары дәрежелі бағалы қағаздар жатады.
Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден таратылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдалынатын «табыстылық - өтімділік» орталары анықталады. Мұндай орталар «банктегі – банктер» деп аталады, яғни банкте «талап ету салымдар банкі», «мерзімді салымдар банкі» және «негізгі капитал банкі» болады. Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондықтан «талап ету салымдар банкісі» қаражаттардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастырады. Ал талап ету салымдарының қалған бөлігі екінші ретті резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа қысқа мерзімді несиелерге беріледі. «Мерзімді салымдар банкі» мерзімді салымдардың басым бөлігін екінші ретті резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзақ мерзімді несиелерге, сондаай-ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды.
«Банктегі банктер» әдісінің «қаражаттардың ортақ қоры» әдісінен артықшылығы есептеудің арқасында жоғары өтімді активтердің үлесін дәлірек анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыздарына салуға мүмкіндік береді.
- депозиттиерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
- тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамсыз ету;
- активтерді зиянсыз сату
- тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.
- банк капиталының базасы;
- банк активтерінің сапасы;
- депозиттердің сапасы;
- сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
- мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
- сауатты менеджмент;
- банктің жоғары дәрежелі беделі.
- банк саясатының болуы және оның мазмұны
- стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;
- банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;
- әр түрлі процедуралардың нақты мазмұнын анықтау;
- білікті мамандардың болуы;
- қажетті ақпарат базасының болуы;
- банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы.
- елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;
- бағалы қағаздар нарығының дамуы;
- банкаралық несие нарығының дамуы;
- қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;
- орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі;
- Банк өтімділігін басқару әдістері
- Қаражаттардың ортақ қоры әдісі негізінде банк ресустарының құралу көздеріне қарамастан, активтердің әр түрлі түрлеріне бөлу жатыр. Сызба түрінде бұл әдісті мынадай түрде көрсетуге болады:
Қаражаттарң көздері |
|
Қаражатардың орналасуы | |||
Талап ету депозиттері | Алғашқы резервтер | ||||
Мерзімді депозиттер | Екінші ретті резервтер | ||||
Несиелер | |||||
Акционерлік капитал мен резерв қорлар | Бағалы қағаздар | ||||
Ғимараттар мен жабдықтар |
- Өтімділікті басқарудың келесі әдісіне – «банктегі банктер» әдісі жатады: Бұл әдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға және тартылған ресурстардың құрамына байланысты болатынын сипаттайды. Мұнда әрбір қалыптасу көзінің қаражаттары айналымдылығына байланысты әр түрлі қамтамасыз етуді және сәйкесінше міндетті резервтер нормасын талап етеді.
Қаражаттардың көздері | Қаражаттардың орналасуы | |
Талап ету салымдары банкі | Алғашқы резервтер | |
Екінші ретті резервтер | ||
Мерзімді салымдар банкі | Несиелер | |
Бағалы қағаздар | ||
Негізгі капитал банкі | Ғимараттар мен жабдықтар |
- Активтерді басқарудың «ғылыми басқару» әдісі. Ол ғылыми әдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағы және табыстар мн шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасындакүрделі байланысты талдау үшін қазіргі математикалық аппарат пен өте күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.
- Баланстың өтімділігін көрсететін және баланстар бойынша есептелінетін қаржылық коэффиценттер негізінде;
- Сәйкес кезендердегі банк балансының активтері мен пассивтері бойынша айнымалдардың талдауын ескеріп, өтімді қаржаттарға потенциалды қажеттілігін анықтау негізінде.
- Алғашқы резервтер (касса+Орталық банктегі корреспонденттік шот) / Депозиттер
- (Алғашқы резервтер+Екінші реттегі (мемлекеттік бағалы қағаздар) резервтер) / Депозиттер
- Активтер мен пассивтер бойынша төлем мерзімдері туралы ақпараттың жоғары сапалылығы мен уақытында алынуы
- Банктің қарыздар мен депозиттер жағдайының өткен және болашақтағы тенденцияларын талдаудың жоғары сапалылығы.
- Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелердің қатынасына тең болатын ағымдағы өтімділік коэффициенті (% есебімен)
- Дебиторлық берешектің ағымдағы міндеттемеге қатынасын қоса алғанда өтімді құнды қағаздар мен қолма-қол ақша сомасына тең өтімділіктің шапшаң коэффициенті (% есебімен)
- Коммерциялық банктер операциялары. Мақыш С.Б. 2004
- Ақша айналысы және несие. Мақыш С.Б. 2004ж
- Банк ісі. Н.Н. Хамитов
- Банки Казахстана
- Ақша, несие, банкі. 1999ж
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ