Ақын-жыраулар мен билердің шешендік сөз өнеріндегі тәлімдік ойлар туралы реферат
28.12.2020
06:31
0
1
Тақырыбы: Ақын-жыраулар мен билердің шешендік сөз өнеріндегі тәлімдік ойлар
ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулардың тәлімдік идеялары. Билердің шешендік сөз өнерінің үлгі-өнегесі
- Асанқайғы Сәбитұлы, Шалкиiз Тiленшiұлының этнопедагогикалық ой-пікірлері.
- Ақтамбердi Сарыұлы Бұхар Жыраудың тәлімдік ойлары.
- Билердiң шешендiк сөз өнерiнiң үлгi-өнегесi.
- Аллаға адал бол. Алла — сенiң бүкiл өмiрiң мен тыныс-тiршiлiгiңнiң негiзгi арнасы. Аллаға сыйынғанның адамдық дүниесi қай уақытта болмасын тоқайласады.
- Пасық, залым адамның тiлiне ерiп азба. Қаскөйлерден ылғи сақтанып жүру қажет.
- Қыз-келiншектер, әйелдер үстi-басын таза ұстап, жарасты киiмiн сәнiмен киiп, өзiн байыпты ұстай бiлуi жөн. Бүгiнгi қыз бала, жас келiн өзiнiң байыпты жүрыс-тұрысымен ертең көрегендi бәйбiше, зерделi әже боларлық рәсiммен iштесетiнiн ұмытпа.
- Төсек тартып жатпағын. “Әуелгi байлық — денсаулық” екенiн жадыңнан шығарма, сол үшiн белсендi әрекеттен тайынба.
- Мұсылмандықтың белгiсi — бес парызды ұмытпа, парызды өтеуде ұқыптылықты сақта.
- Ардақтаған аяулың күннiң күнiнде бөтен бiреуге тегiннен-тегiн олжа болмасын, көршi күштiлердiң қол астына қарап қалмасын. (Бұл арада орыспен, қытайлықтармен бейбiтшiлiк саясатын ұштастыру жақтарын ескерткендей).
- “Желкiлдеген ту келiп, жер қайысқан қол келiп, сонан сасып тұрмалық” деп ел қорғау мәселелерiн алға тартады. Тағы бiр толғауда: “Батырлықтан не пайда, халқыңа қайран қылмаса, хандардан пайда жоқ, қарашаны жалмаса” деп ел мен жер қорғаудың өнегесiне мегзейдi.
- Өз ұрпақтарын кездейсоқ, төтенше жағдайлардан сақтана бiлудi еске салады. Табиғаттың дүлей күштерiнен сақтанып, қамсыз жүрмеу де — имандылық нышаны.
- “Төреңiз тақтан таймасын”. Елдiң бiрлiгi патшаның өз тағында нық отыруына да байланысты. Ел басқару елеулiлердiң үлесi, “қырық адамның жаны барлардың” тиесiсi. Хан бағдарламасын қолдау да — имандылық.
- Бейбiт өмiр “тар құрсағын кеңейткен, тас емшегiн жiбiткен” аналардың беделiн көтередi, оларды аңыратып қалдырмайды. Ананы сүйiп ардақтау жеткiлiксiз, оны барынша құрметтеп, сыйлау — парыз. Ананы аңыратпау, ана алдындағы парыз бен қарызды өтеу де — имандылық.
- Әйел-ананы қастерлеу — имандылық қасиеттiң негiзi. Жырау психологиялық тұжырымдар жасауға, жасқа тән мiнез ерекшелiктерiн топтауға машық. Шындықтың сынағынан өте бiлу де, қарттықты сыйлай бiлу де — үлкен құрмет, арлылардың асылдығы. Үлкендер мен асылдарды сыйлау - өмiр үшiн күрестiң бiр түрi, ел-жұртына деген сүйiспеншiлiктiң үлкен құрметi. Осындай тағлымы мол iс-әрекетте адамның сана-сезiмi дұрыс және тез дамиды. Отаны мен туған жерiн сүйе бiлген тез есейедi. Толғауы терең Бұқар жыраудың талғамы осыған тiреледi.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ