Қыздарға тоқсан түрлі кеңес және жігітті қалай қарату туралы
- Барлық кемшіліктеріңді ұмыт. Ең бастысы өзіңнің ар-ожданыңды ойла.
- Басыңды салбыратпа. Жақсы көрінуді ұнататын қыздар алдына тік қарап жүреді.
- Үнемі белсенді және өзіңе сенімді бол. Мүмкіндігінше жан-жағыңдағыларға көбірек жақсы көңіл-күй сыйлай біл. Оларға үнемі күндей күлімдеп жүретін әсер қалдыр.
- Тыңдай біл. Өзгелердің пікірін сыйлай біл. Өзіңдікін айта берме.
- Қасыңа күтім жаса. Көз – жүректің айнасы. Күннен қорғайтын көзәйнекті де ұмытпау керек! Дұрысы қасты арнайы мамандарға жөндеткен дұрыс.
- Өзгеруден қорықпа. Алға қарай ұмтыл. Жан-жақты бол. Бірнәрсеге айналсоқтай берме. Байқап көр. Өзіңді таны.
- Жұпар аңқып жүр. «Өз иісіңді» тап та, үнемі соны бүркіп жүр. Иістер адамдардарға әсер қалдырады.
- Бет қызартатын далапты үнемде. Одан да таза ауада көп жүр. Аязда қыдырып жүрген сұлуды дереу жылытқысы келетіндер болады.
- Бір нәрсемен айналыс. Мысалы, таэквондоны үйрен. Кез келген жігіт суперқызбен кездескенді армандайды емес пе?
- Біреулерді көшірме. Өз стиліңді тап. Тек ақымақ қана жүретін қызын Мерилиен Монро немесе Анджелина Джолиға ұқсайды деп мақтанады.
- Хош иісті конфет алып жүруді ұмытпа! Барлық жарнамалар таза дем түсіністікті жеңілдетеді деп дәлелдейді. Онысы рас!
- Тамақты тәбетпен және әдемі же. «Диета» деген сөз жағымсыз.
- Аяқ алыс адымдарыңа қарап жүр. Жүрісің тартымды болсын. Аяғыңа қарама, асықпа, өкшеңді қисайтпа.
- Көлемді кішірейт. Сөмкелердің көлемін өзгерт. Тартымды кішкене сөмке тұрғанда үлкенін ұстаудың қажеті қанша?
- Көбірек оқы. Көп нәрседен хабары бар адаммен араласқың келіп тұрады емес пе?
- Мақсатыңа жетуге талпын. Өзіңе бір мақсат қой да, соған қарай ұмтыл. Ішкі дауысыңа сен. Мақсаты бар адамдар тартымды болады.
- Дәмдеуіштерді пайдалан. Ең болмағанда тағамның бір түрін жасапа үйрен. Тіпті ол қарапайым алма пирогы болса да, жақындарың мен достарыңды қуант.
- Шашыңа күніге қарап жүр. Үйлесімді, ұнамды етіп жасай біл.
- Басты нәрсені айтпа. Қыз баласы бірінші кездесуде-ақ өзі туралы түгел айтып тастауға болмайды. Кейбір жұмбақтарды қалдыр. Жігіттер жұмбақты шешкенді жақсы көреді!
- Даусыңды қатты көтеріп сөйлеме. Өз-өзіңді ұста.
- Ойна! Өзің туралы кино түсір, баст рөлде ойна, түрлі образға кіріп көр.
- Ақылгөйсіме. Қыздың өзін ақылды көрсеткісі келіп цитаталар немесе мақалдар қосып сөйлегені ашуды келтіреді.
- Сыйлықтар сыйла. Кішкентай немесе қолдан жасалған болса да достарыңа, таныстарыңа жайдан жай сыйлық сыйла. Өйткені сенің көңіл-күйің жақсы.
- Адаммен сөйлескенде қолынан ұста немесе арқасынан қағып жақында.. Психологтар мұның сөйлесушінің көңілін жайландыруға көмектесетіндігін айтады.
- Шұқылана берме. Үстелдегі ұнтақтарды домалатып, салфетканы бүктеме т.т. Бұлар өте жаман көрінеді. Оның орнына кекіліңді бетіңнен үрлеп жібер.
- Айырмашылықты сезін. Тартымды киін, бірақ әлем-жәлем болмасын. Мәселен, қысқа юбка, жабысқан кофта, қып-қызыл далап, қап-қара боялған көз қандай қызды елестетуі мүмкін?
- Қолыңа күтім жаса. Маникюрді ұмытпа. Жұмсақ, әдемі қолдарды ұстағың келіп тұрады.
- Көбірек күлімде. Сенің бақытты екеніңді бәрі көрсін.
- Өзің туралы аз айт. Адамдардың сен туралы өздері сұрасын.
- Жылама. Қыздар жыласа жігіттердің жаны ашиды деп ойлайды. Шындығында ол – керісінше.
- Аксессуар алуда үнем жасама. Кішкентай болса да сақина, алқа сияқты нәрселер тағып жүр.
- Ұнатқан жігітіңе үзіле қараған көзқарасыңмен сезіміңді білдір.
- Өзіңді қызықтыратын адаммен сөйлескенде тіке көзіне қарап отыр.
- Мақта. Шын мақта. Жан-жағыңдағыларға шын жүрегіңмен мақтаулы сөздермен қошемет жаса.
- Батыл жүр. Аяқ киім ыңғайлы болу керек. Биік өкше киіп жігіттің жүрегін жаулай алмайсың. Мықты «Адидас» киіп те (әрине, оған «Адидас» ұнаса) кез келгенін таң қалдыра аласың.
- Қалжыңбастықты да ұмытпа. Өзіңе күлуден қорықпа. Бұл сенің әзілқойлығыңды көрсетеді.
- Жігіттердің өз тілінде сөйлесіп, олардың қалжыңдарын түсінуді үйрен. Бұл маңызды!
- Қарапайым бол. Түймедейден түйедей жасама!
- Көп ізден. Дүниедегі қызықтар жайында достарыңмен бөліс.
- Бірінші болып сезіміңді білдірме. Алғашқы қадам жігіттен болу керек. Әйтпесе сені бағаламайтын болады. Өйткені ол қол жеткізем деп тырысқан жоқ.
- Үнемі қалай көрінеді екем деген ойдан арыл. Еркін рахаттан.
- Достарыңның туған күнін есіңе сақта немесе жазып ал да, құттықтап тұр.
- Киім киісіңнің белгілі бір үлгісін қалыптастыр. Топтан өзгешеленіп көрін. Бірақ тым әсірелеп жіберме.
- Қызғанба. Өзіңде бар нәрсеңді есіңе алып, қуан.
- Шын махаббатық сезіміңді білдір. Ол бырақ шын жақсы көретін адамың болсын.
- Сөзге емес, іске сен. Кейде бос сөз де болады.
- Дос бола біл. Өзіңе қымбат адамдарға тіл тигізуге жол берме. Бұл бағаланады.
- Қызығушылықтарыңды бөліс. Ол сені одан да жақсы көре түседі.
- Өзіңді және өз денеңді жақсы көр. Кішігірім мерекелер ұйымдастыр. Мысалы, көбік немесе тұз, гүл салынған ванна қабылда. Бұл теріні жұмсақ қылады, әрі өзіңді бұрынғыдан да жақсы көре түсесің.
- Мейірімді бол. Ондай адамдар балаларға, жан-жануарларға, тіпті енді ғана таныс адамдарға мейірім сыйлай біледі.
- Шынық. Номерден шатасып кетсе де, телефонға сыпайы жауап беріп үйрен. Сыпайылық аса қажет!
- Өзіңе шақ киімді ғана ки. Өз дене бітіміңнің қандай екенін бағалап үйрен.
- Фантазиялар? Аяқасты бір нәрсе ойдан шығаруды азайтуға тырыс. Ол жағымсыз жағдаяттардың болуына әкеп соғуы мүмкін.
- Дарынды болуға ұмтыл. Талантты қыздар әдемі!
- Эмоционалды бол. Көңіл-күйіңді жасырып қалмай, ашық айт . Бірақ театр қойылымын жасама.
- Бойыңды тік ұстап жүр.
- Уақытты бағала. Бос нәрсеге уақытыңды өлтірме. Тек пайдалыға жұмса.
- Жігітті қорлама. Оған сенің құқың жоқ.
- Кез келген жерде лидер бол. Ол қиын емес.
- Өркөкіректік қашырады.
- Шынайы бол!
- Жақсы көр! Адамдарға қайырымдылықпен қара. Бірақ қайырымды болам деп, аңқаулыққа жол берме.
- Бұрығы жүрген жігітің туралы сөз қозғаудың мүлде қажеті жоқ.
- Ұйықтап бара жатып, жақсы нәрсе ойла, тұрғанда көңілді оянасың.
- Өтірік айтпа, бұл жағымсыз жағдаяттардың алдын алады.
- Газды сусындарды аз іш, целлюлиттен сақтайды.
- Ішімдік ішпе. Аузында темекісі, өзі ішіп алған қыз өте жаман көрінеді. Жігіт ондай қызға қарамайды да.
- Шашыңды өз түсінен бір түс төмен ағартушы болма. Себебі өсіп келе жатқан түбіндегі шаш жаман көрінеді.
- Әрқашан педикюр! Қыс болса да, аяқтың ұшына дейін мінсіз болу керек.
- Таңда. Өзіңе жағымды адамдармен ғана қарым-қатынас жаса.
- Жабыса берме. Өзі шақыратындай жаса.
- Жасанды жесттерден сақтан. Шынайы бол.
- Минимум косметика! Сен «Мулен Руждағы» маматай емессің.
- Қарапайым этикет ережелерін үйрен. Оны орнымен қолдан.
- Кейде өзіңді еркелет. Өзің ұнататын нәрселерді жаса.
- Еңбектен! Жалқауланбасаң, тағы да бір жетістікке жетесің. Әр өзіңді тағы да сыйлай түсесің.
- Шыныққаның абзал! Денесі жинақы қыз тартымды келеді.
- Үндемей қалма. Өз көзқарасыңды батыл жеткіз. Жолдастарың да сыйлайтын болады.
- Адамның қадірін біл. Ескі достарыңды көп есіңе ал. Олардың қаншама рет қолдау көрсеткендігі жайында еске түсір.
- Өзіңді мақта. Әр таңды айнаға қарап күліп атырудан баста.
- Инициатива (бастамашыл) тастағыш бол. Сонда сені міндетті түрде есте сақтайды.
- Кешікпейтін бол. Өзіңді күттіріп қойма. Тек егер ол өте әдемі болса ғана 5 минуттан артық кешігуге болмайды.
- Өзіңе сен. Қалай дұрыс деп есептесең, солай жүр.
- Көмек беруден қашпа. Алғысын аласың.
- Шыншыл бол. Кейін ақталу керек болатын істен қаш.
- Тағдырыңа сен. Қалағаның болады.
- Асығыс шешім қабылдама. Адамдарға тағы да бір мүмкіндік бер.
- Сән үлгісін жаса. Өзіңді нық сезіне алатынындайын таңдап ки.
- Қайшылықтар мен ұрыс-керістерден қаш. Өте өртке қауіпті жағдайды қалжыңға айландырып жібер.
- Сыпайы бол. Өз пікіріңмен біреуді бөлектеме.
- Алғашқы қадамды қорықпай атта. Байқап көр, нәтижесі болады.
- Адамдарға сен. Олар да саған қарымын қайтарады.
- Қиыншылықтан шаршама. Ол қайта күшейте түседі.
- Барлық адамның көңілін табамын деп тырыспа, сен бәріне ұнайтын теңге емессің.
- Өзіңді қалыптастыр. Ақылды. Әдемі. Тәрбиелі. Сүйікті. Бақытты.
Автор: ZHARAR | 14 214 | 21.10.2015