ка

Күнтізбелік тақырыптық жоспар, технология пәні бойынша

26.09.2019 11:59
0
1
 
5 - 9 сыныптарға арналған «Технология» пәні бойынша Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Түсініктеме хат Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген. Жалпы білім беретін мектептің 5 - 9 сыныптарына арналған «Технология» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013. – 55 б. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІЫ. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ, 2013 жыл. Сағаттар саны: Барлығы 34, аптасына1 сағат (оқу жоспарына сәйкес) Компонент инвариантты. Жоспарлы бақылау сабақтары(Практикалық жұмыс): 5 сынып – 24; 6 сынып – 26; 7 сынып – 26; 8 сынып – 24; 9 сынып – 25. Бағдарламалық және оқу - әдістемелік жағынан жабдықтау Оқулық, мұғалімге арналған оқулықтар, дидактикалық жинақтар, оқушыға арналған дәптер, электрондық басылымдар, басқа әдебиет: Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Оқу жылы: 2013 - 2014 Сынып: 5 Құрастырды: технология пәнінің мұғалімі Жаксылыкова Тамила Тлемесовна 5 - сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: 1) асүй мен асханаға қойылатын санитарлық - гигиеналық талаптарды; 2) азық - түліктерді өңдеу; қазіргі асүй жабдықтарының түрлерін; 3) бутерброд пен ыстық сусындар дайындау технологиясы мен түрлерін; 4) көкөністердің тағамдық құндылығын; 5) тоқыма талшықтарының жіктелуін; 6) матаның өңі мен теріс жағын; 7) матаның негіз жібін, өңі мен теріс жағын анықтау; 8) мата, жіп, ине таңдауды; 9) қолмен тігілетін инешаншымдар мен тігімдерді орындауды; 10) матаны сырып тігу, бастыра тігу, бүгіп тігу, шеттіктеу тігістерімен біріктіру және өңдеуді; 11) ішкі көрініс, сәулет қысқаша мәліметтерді; 12) ұлттық салт - дәстүрлерді; 13) тұрғын үйдің ішкі көрінісін әрлеу, әсемдеу тәсілдерін 14) мақта мен зығырдан тігілген киімдер күтімін; 15) аяқкиімді күту тәсілдерін; 16) киімді күтудің шартты белгілерін; 17) маңызды көкөніс дақылдарын (пияз тектес, асқабақ тектес, асханалық); 18) көшеттерді отырғызу ережелерін (қырыққабат, бұрыш, баклажан, қызанақ); 19) жобаны таңдаудың себебін (мәселелері, қажеттілігі), міндетін, қолдану аймағын; 20) халық шығармашылығының түрлерін; 21) жобаны дағды, білім алудағы шығармашылық жұмыс ретінде, халық дәстүрі мен тарихына құрмет ретінде. білу/түсіну тиіс: 1) асүй құрал - жабдықтарымен жұмыс істеуді; 2) сыртқы түріне қарап азық - түліктердің сапасын анықтауды; 3) тағам өнімдерін механикалық және жылумен өңдеуді; 4) жұмыртқа, көкөністерден жасалған тағамдар, бутерброд және ыстық сусындар дайындауды; 5) матаның түрлерін анықтауды; 6) мата, жіп, ине таңдауды; 7) қолмен тігілетін инешаншымдар мен тігімдерді орындауды; 8) матаны сырып тігу, бастыра тігу, бүгіп тігу, шеттіктеу тігістерімен біріктіру және өңдеуді; 9) сәндік және әрлеу жұмыстарын орындауды; 10) жиһазды орналастыру, түстерді таңдауды; 11) киім тазалау және дақтарды кетіруді; 12) киімге қарапайым жөндеу жұмыстарын жүргізуді; 13) киімді жөндеудің тиімді тәсілдері және оны күтудің құралдарын таңдауды; 14) бөлме жағдайында көшеттер отырғызуды; 15) өсімдіктерді көшіріп отырғызу, суару, күтуді; 16) тұқымның өнгіштігін тексеруді; 17) өсімдікті топыраққа отырғызуды; 18) шығармашылық қызметте өзінің мүмкіндіктерін бағалауды; 19) жобаны дайындау, туындаған идеяны жүзеге асырылатын нәтижесіне дейін жеткізу бұйым дайындауды; 20) жасалған жұмысты бағалауды; 21) құрақ техникасын орындау, кілемше, панно, көрпе, майлық, үйкекті (заттың астына қоятын бұйым) тігуге байланысты жұмысты технологиялық жағынан дұрыс орындауды; 22) дайын бұйымды әсемдеуді меңгеруі тиіс.ТҚЖ құрастырды: технология пәннің мұғалімі Жаксылыкова Т. Т. Технология пәні бойынша Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. жүктеу
 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий