ка

Тақпақ: Жеті мүшел

08.03.2019 12:01
0
1

Тақпақ: Жеті мүшел казакша Тақпақ: Жеті мүшел на казахском языке

Он үште отау иесі,
Бірінші мүшел – балалық,
Екінші мүшел – жиырма бес,
Майданға кірер қол алып.
Отыз жеті – үшінші,
Енетін кезі сана нық.
Қырық тоғыз – төртінші,
Білінер бойдан даралық,
Бесінші мүшел – алпыс бір,
Өсиет айтар даналық,
Алтыншы мүшел – жетпіс үш,
Жастығың келмес оралып,
Жетінші мүшел – сексен бес,
Денсаулық қалар тоналып,
Бұдан соң келген мүшелдер
Жатпайды тіпті саналып.



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий