"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте 7 жастағы бала көз жұмды

Шымкентте 7 жастағы бала көз жұмды
Фото: pixabay.com

Бала үйден сағат 17:00 шамасында шығып кеткен. Кешке қарай, сағат 22:00 кезінде оның денесі тереңдігі шамамен 2 метр, ұзындығы 4×50 метр болатын шұңқырдан табылды. Шұңқыр бірнеше жыл бұрын көпқабатты тұрғын үйлерге арналған септик құрылысы үшін қазылғанымен, кейін жұмыс тоқтап, аумақ қоршалмаған күйде қалған. Уақыт өте келе шұңқырға ағынды су жиналып, ол қауіпті жағдайға айналған, - делінген материалда.

Жергілікті тұрғындар бұл аумақтың қауіпті екенін бірнеше рет жауапты мекемелерге хабарлағанымен, ешқандай шара қолданылмаған. Айта кетейік, аталған шұңқырдың маңында мектеп пен балабақша орналасқан, бұл ата-аналардың алаңдаушылығын арттыра түседі.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.