Тақпақ: Тазалық жайлы тақпақтар
09.03.2019
21:59
0
5

Сырттан келіп үнемі,
Сабынмен қол жуамыз,
Таза болды мұнтаздай,
Тағамға қол созамыз.
***
Тамақтың алды-артында,
Қолыңды бала жуып жүр.
«Бисмиллахсыз» бастауға,
Болмайтынын біліп жүр.
***
Жуамын,
Жуамын,
Тісімді ысқылап,
Жуамын,
Жуамын,
Қалмасын тісте қақ.
Жуамын,
Жуамын,
Тес жегі болмасын.
Жуамын,
Жуамын,
Түрлі иіс қалмасын.
Тіс жуды балаңыз,
Анашым, қараңыз.
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ