Денис Теннің өліміне қатысты сот басталды
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы басталды.
Сот алдында үш адам жауап беруде. Олар:
Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы ("Ұрлық") бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары ("Қарақшылық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.
Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.
Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша және 434-бап бойынша ("Қылмыс туралы хабарламау") айыпталып жатыр. Еске салсақ, Денис Тен биыл 19 шілдеде Алматы қаласында пышақ жарақатынан көз жұмған болатын.