Байқоңырдың іргесі қаланғанына 70 жыл толды

Адамзат алғаш ғарышқа аттанып, арманын орындаған «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына биыл 70 жыл толды. Ғарыш айлағы мен аттас қаланы қамтитын ғарыш кешені 1955 жылы 2 маусымда құрылды. Дәл осы күні КСРО Қарулы Күштерінің бас штабы Байқоңырды ресми түрде әскери полигон деп мойындап, бұл өңірге 11284 әскери бөлімін орналастыру туралы бұйрық шығарды.
Байқоңырдың мерейтойын аумағында әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағы орналасқан Қазақстан қалай өткізбек? Казинформ тілшісі бұл туралы «Байқоңыр»ғ аэроарыш комитетінің (Қазғарыш) жерүсті ғарыштық инфрақұрылым кешені басқармасының басшысы Амангелді Бекішевтен сұрап білді.
А.Бекішев — Мәскеу авиационного институтаының Байқоңырдағы «Восход» филиалының түлеги. 1999 жылдан бері Қазғарыш жүйесінде жұмыс істеп келеді. Ұзақ жыл Байқоңыр ғарыш айлағының басқарма басшысы болды. Байқоңырда 30 жылдан астам уақыт тұрып, еңбек етті. 2024 года жылдың қыркүйегінен бері Астанада, Қазғарыш аппаратында қызмет етіп келеді.
Фото: Сара Қабиқызы / Казинформ
– Амангелди Мылтықбайұлы, сіздің өміріңіздде Байқоңырдың алар орны қандай?
– Байқоңыр – ата-бабамыздың кіндік қаны тамған киелі жер. Мәңгілік өмір іздеуші данышпан, ақын әрі композитор Қорқыт ата болашақта осы жерде ғарыш айлағы ашылатынын білгендей Байқоңырды «жердің киндігі» атахан. Кеңестік космонавтиканың негізін қалаусы, академик Сергей Королевтің зымырандарды ғарышқа ұшыру үшін осы аймақты таңдауы тегін болмаса керек. Байқоңыр сөзі «бай алқап» деген мағынаны білдіреді: ғарыш айлағы қазақ даласындағы 6717 шаршы метр аумақта орналасқан. Байқоңыр әлемдік космоновтиканың символы, дүниежүзілік ғарыш саласын дамытудың кілті саналады. Байқоңыр ғылыми-техникалық даму жолы ғана емес, сонымен қатар ол — жетекші ғарыштық державалармен ынтымақтастық орнатудағы маңызды экономикилық актив.
Байқоңыр әлемдік ғарыштың ізашары ретінде тарихи сәттерді, кеңестік космоновтиканың кемелдену кезеңін бастан өткерді. КСРО құлап, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы орнағасын 1994 жылы «Байқоңыр» ғарыш кешені мемлекетаралық келісімге сәйкес Ресей Федерациясына 2050 жылға дейін жалға берілді. Ресей «Байқоңыр» ғарыш кешенін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы ретінде Қазақстанға жыл сайын 115 млн доллар төлеп тұрады.
Фото: Сара Қабиқызы / Kazinform
– Қазақстан ғарыш айлағы аумағындағы қызметті қалай бақылайды?
– Байқоңырдағы қазақстандықтардың конституциялық құқығын ҚР Президентінің арнайы өкілдігі, ал ғарыштық қызметті бірлескен комиссиялар қадағалайды. Соның негізгісі — «Байқоңыр» кешені жөніндегі үкіметаралық коммссия, Қазғарыш кәсіпорны — ЦДИАӨМ Байқоңыр аэроғарыш комитеті. Қазақстандық тарап ғарыштық ұшырылымды үйлестіріп, экология және миграция режимін қадағалайды.
Кейінгі жылдары Қызылорда облысының әкімдігі әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламаларды белсенді түрде жүзеге асыруға ден қойды. Байқоңыр қаласында тұрғын үйлер салынып, су және кәріз суы жүйелері жаңғыртылып жатыр. Қаланы газбен қамту, жол жөндеу жұмысы басты назарда. Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім шеңберінде тұрғындарға жұмысқа орналасу, білім алу және әлеуметтік көмек көрсету бағытында қолдау жасалып келеді.
– Отандастарымызды мазалайтын басты сұрақ — ұшырылымдардың экологиялық қауіпсіздігі. Ғарыш айлағы мен ғарыш зымырандарының құлау аумағында экологиялық мониторинг қалай жүргізіледі?
– Ғарыштық зымырандарды ұшырудың экологиялық салдарын зерттеумен Қазғарыштың «Инфракос» РМК айналысады. Бұл мәселе бойынша барлық сұрақ Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаның жағдайы жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндамада қамтылады.
Қазақстандық тараптың қадағалауымен ресейлік зымырандар ұшырылғаннан кейін техникалық рекультивациялық құлау орнында зымыран тасығыштардың бөлінетін бөліктерін жинау және шығару жұмысы жүргізіледі. 2015 жылы Қазақстан мен Ресей «Протон-М» зымыранын ұшыруды 2026 жылдан кейін тоқтатуға уағдаласты.
Ресейлік тарап «Протон-М» өндіруді тоқтататынын және оның орнына «Ангара» атты экологиялық таза зымыран шығаратынын мәлімдеді. Бүгінгі күні токсикалық отынмен жаңа зымыран ұшыруға шектеу қойылды. Ресейлік әріптестермен бірге біщ экологиялық таза «Союз-5» зымыранының базасында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасын жүзеге асырып жатырмыз.
Фото: Kazinform
– «Бәйтерек» бойынша жұмыс жайын баяндап берсеңіз...
– Жоба аясында зымыран кешенінің ұшыру және технология алаңдарында жөндеу, құрылыс-монтаждау және профилактика жұмыстары атқарылып жатыр. Өнеркәсіп кәсіпорындарында жасалған құрал-жабдықтарды Байқоңырға кезең-кезеңімен апарып, орнатады. «Бәйтерек» ҒЗК-нен бірінші сынақтық ұшырылым 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған. «Союз-5» зымыран тасығышының 2025 жылдан 2027 жылға дейінгі алғашқы үш сынақ ұшырылымынан соң оны 2028 жылы қолданысқа беру көзделген. Одан кейін 2028-2039 жылдар аралығында жылына 4 ұшырылым болады деген жоспарымыз бар. Оның 3-іне «Бәйтерек» ҒЗК құру жөніндегі үкіметаралық комиссия келісіміне сәйкес ресейлік тарап кепілдік беріп отыр.
Бұл нысанның Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор екенін айтқым келеді. Өйткені, біріншіден, бұл — Байқоңырды сақтап қалу қажеттілігі мен мүмкіндігі, жаңа технологияны дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, еліміздің ғарышты игерудегі позициясын бекіту. Одан бөлек, «Бәйтерек» шетелдік ғарыш айлақтарына тәуелділікті төмендетіп, коммерциялық ұшырылымдарға жол ашады. Ал бұл өз кезегінде Қазақстанның экономикалық әлеуетін көтереді.
Фото: Сара Қабиқызы / Kazinform
– «Байқоңыр» ғарыш кешенін дамыту бағытындағы жоспар қандай?
– Кейінгі жылдары журналистерді Байқоңырды жалға беруді мерзімінен бұрын тоқтату және Байқоңырды консервациялау ықтималдығы қызықтырып жүр. Әлгінде айтқанымдай, Байқоңырды сақтаудағы басты жоба — экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» зымыран кешені. Біз оны іске қосуға бар күшімізді салып жатырмыз. Байқоңыр Ресей үшін әлі күнге басты ұшырылым алаңы екені даусыз. Роскосмос халықаралық ғарыш станциясына зымыранды қазақстандық ғарыш айлағынан ғана ұшыра алады. Байқоңыр — космонавтиканың отаны және солай болып қала береді. Осы 70 жылда Байқоңырдан ғарышқа 150-ден астам адам атанды. Олардың қатарында отандастарымыз Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов бар.
Егер қазақстандық ғарыштың дамуына келсек, елімізде аэроғарыш өнеркәсібінің жеке жерсеріктік бағдарламалары және кадр әлеуетін көтеру жұмысы жоғары қарқынмен орындалып жатыр. Ғарыш саласы ұлттық экономика мен жаңа білімнің ажырамас бөлігіне айналды. Осы орайда Байқоңыр бізге технологиялық даму жолын қуып жетуге ғана емес, оның алдын орауға мүмкіндік береді. Университеттер мен ғылым орталықтары ғарыштық жобаларға, аэроғарыштық технологияларға белсенлі түрде тартылып келеді. Бұл отандық инженерия мектебін дамытуға жол ашады.
Өзіме қатысты айтар болсам, мені маман және патриот етіп өсіріп, тәрбиелеген — Байқоңыр. Қазақстанның ғарыш саласында прагматикалық саясат салтанат құрып тұр. Біз «Байқоңыр» кешенінде маңызды шешімдер қабылдау және ұлттық мүддені қорғауды қамтамасыз етеміз. Байқоңыр — техникалық нысан ғана емес, бір жағынан мәдени-тарихи мұрамыздың бір бөлшегі. Байқоңыр — арман ақиқатқа айналатын жер. Бұл ғарыш кешені Қазақстан халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың жетістігі. Біздің мақсат — оны сақтау.
2025 жылдың 2 маусымында «Байқоңыр» ғарыш кешені өзімен аттас қала және ғарыш айлағымен бірге құрылғанына 70 жыл толу мерейтойын атап өтетінін біз бұған дейін де жазғанбыз.