«Тізесі мен арқасы…» – Моджтаба Хаменеи туралы тың мәлімет шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бәйтерекпен өте ұятсыз фото жасаған студент қамалды

Бәйтерекпен өте ұятсыз фото жасаған студент қамалды
Фото: әлеуметтік желіден

Астанада Бәйтерек маңында әдепсіз фото түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялаған студент бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Елорда сотының мәліметінше, құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. 20 жастағы студент қала символдарының бірі саналатын нысан жанында қоғамға жат әрекет жасап, суретін интернетке жүктеген.

Іс құжаттарында оның әрекеті «Бәйтерек» монументін пайдаланып, әдепсіз ишара көрсету ретінде сипатталған. Сот мұны қоғамдық тәртіпті бұзу әрі қоғамға ашық құрметсіздік таныту деп бағалады.

Сот отырысында студент өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген. Оның әрекеті фотодәлелдер және басқа материалдар арқылы расталған.

Сот құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға әсерін, сондай-ақ студенттің жасын ескере отырып, оны ұсақ бұзақылық бойынша кінәлі деп танып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.