Қызметкерлеріне пәтер сыйлаған Алагөзов бір жылда ондаған миллион долларға байыған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Рүстем Жүгінісов: Менің 4 әйел алғым келеді

Рүстем Жүгінісов: Менің 4 әйел алғым келеді
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Рүстем Жүгінісов көп әйел алу мәселесіне қатысты пікір білдіріп, бұл тақырыпта ер азаматтардың басым бөлігі өзімен келісуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің сөзінше, ер адамдардың көбі көп әйел алуға қарсы емес.

– Негізі, менімен еркектердің 95 пайызы келісуі мүмкін. Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді. Оның ішінде мен де бармын, 4 әйел алғым келеді. Ал 5 пайызы «Шүкір, маған бір әйел де жетеді, жағдайымды жасап алайын, сосын көреміз» дейтіндер, – деді әнші Жүгінісов.

Әлеуметтік желіде тараған бұл пікір қызу талқыға түсті. Желідегі қолданушылардың бір бөлігі әншінің ойын қолдаса, енді бірі мұндай көзқараспен келіспейтінін жазған.

Айта кетейік, Қазақстанда көп әйел алу заңмен тіркелмейді. Елде неке қатынастары ресми түрде бір ер адам мен бір әйел арасында рәсімделеді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.