«Тізесі мен арқасы…» – Моджтаба Хаменеи туралы тың мәлімет шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Кәуапқа қақалған”: Маңғыстауда табиғат аясындағы демалысқа шыққан бір жігіт көз жұмды

“Кәуапқа қақалған”: Маңғыстауда табиғат аясындағы демалысқа шыққан бір жігіт көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Ақтау маңындағы Жармыш ауылында демалысқа шыққан ер адам кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға 10 мамыр күні Маңғыстау ауданындағы Аралбай сарқырамасы аумағында болған. Мәліметке сәйкес, Ақтау қаласындағы мектептердің бірінің ұжымы табиғат аясында серуендеп жүрген кезде 1970 жылы туған азаматтың жағдайы күрт нашарлап, ол сол жерде көз жұмған.

Оқиғаға қатысты ақпаратты Маңғыстау облысы Полиция департаменті растады. Ведомство қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар мамандар тұрғындарды табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.