Қызметкерлеріне пәтер сыйлаған Алагөзов бір жылда ондаған миллион долларға байыған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа әкім Мұрат Ергешбаев қызылордалықтарға үндеу жариялады

Жаңа әкім Мұрат Ергешбаев қызылордалықтарға үндеу жариялады
Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысының жаңа әкімі болып тағайындалған Мұрат Ергешбаев әлеуметтік желідегі парақшасында алғашқы жазбасын жариялап, өңір халқының сенімін ақтау үшін аянбай еңбек ететінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметке кіріскенін атап өтіп, бұған дейінгі тәжірибесін туған жердің дамуына арнайтынын жеткізді.

«Қызылорда қаласы мен бірнеше ауданды басқарғанда, министрліктерде және Мәжіліс депутаты болған кезеңде жинаған тәжірибемді Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсаймын», – деді ол.

Сондай-ақ әкім өзіне жүктелген негізгі міндеттерге тоқталып, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, экономиканы әртараптандыру, цифрландыру, инвестиция тарту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағыттарына басымдық берілетінін айтты.

Мұрат Ергешбаев бұған дейін облысты басқарған Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамаларын жалғастырып, қолға алынған жобаларды аяқтауға күш салатынын да жеткізді.

«Сенім үдесінен шығу, басталған істерді жалғастыру және жаңа жобаларға жол ашу – өңір дамуына тың серпін береді», – деп жазды аймақ басшысы.

Сонымен бірге ол өзін қолдап, құттықтау жолдаған жұртшылыққа алғысын білдіріп, Мемлекет басшысы мен Үкімет жүктеген стратегиялық міндеттерді сапалы орындау басты мақсаттарының бірі болатынын атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.