«Тізесі мен арқасы…» – Моджтаба Хаменеи туралы тың мәлімет шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысындағы отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады - БАҚ

Атырау облысындағы отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады - БАҚ

Атырауда Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты тергеу аяқталды. Басты күдікті Сұлтан Сәрсемалиев кінәсін мойындап, қазір тергеу изоляторында сотты күтіп отыр, деп хабарлайды kznews.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Дереккөздердің мәліметінше, айыпталушы қылмыстық іс материалдарымен танысып, төрт адамды өлтіру дерегі бойынша кінәсін мойындаған.

Сәрсемалиевке Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы - "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бойынша айып тағылды. Сонымен қатар, тергеу аясында 188 және 190-баптар - "Ұрлық" және "Алаяқтық" бойынша қосымша қылмыстық істер тіркелген. Әңгіме қаза тапқан отбасының малын сату, сондай-ақ, олардың банк карталарынан ақша ұрлау туралы болып отыр.

"Барлық тергеу әрекеттері аяқталды. Іс толық дайын, жақын күндері сотқа жолданады. Сот процесі осы айда басталады", - деді дереккөз.

Бұған дейін Атырау облысының прокуратурасы психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Сұлтан Сәрсемалиевтің есі дұрыс деп танылғанын хабарлаған. Бұл оның заң бойынша толық жауапкершілікке тартылатынын білдіреді.

Тағылған айыптарды ескерсек, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.