Алматыда Қытайдан арзан тауар жеткіземін деп жүздеген адамды алдаған кәсіпкер Арайлым Қажымұратовасотталды, деп хабарлайды kznews.kz.
Әлеуметтік желіде «Айс Муратова» атымен танылған ол жиһаз, тұрмыстық техника мен ыдыс-аяқты көтерме бағамен әкелуге уәде беріп, кәсіпкерлердің сеніміне кірген. Клиенттер ақшаны оның және туыстарының есепшоттарына аударғанымен, тауарлар жеткізілмеген.
Тергеу мәліметінше, келтірілген шығын көлемі 4,5 миллиард теңгеден асқан. Іс бойынша 290 адам жәбірленуші деп танылды.
Алты айға созылған сот процесінің нәтижесінде Арайлым Қажымұратова 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда кәмелетке толмаған баласына байланысты жазаны өтеу бір жылға шегерілді. Сонымен қатар ол келтірілген шығынды өтеуге міндеттелді.
Іс бойынша тағы 12 адам сотталып, олар 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамалды.