«Жұрттан жасырмауға бел буған сияқты»: Кәмшат жігітімен тойда жүр (ВИДЕО)

0
Желіде Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанның бір тойда жүрген видеосы тарады. 

Әдетте Жолдыбаеваның ашық-шашық киімі мен кинодағы сахналары жиі талқыға түссе, бұл жолы актрисаның жеке өмірі ел назарында. Бұған дейін Кәмшат пен Ғазреттің қол ұстасып жүрген видеосы тараған еді. Онымен қоса, көпшілік соңғы кездері Жолдыбаеваның жабық киініп, қылықтары өзгергенін байқады. Мұны Кәмшаттың өмірінде ер адамның пайда болуымен байланыстырды.