Төрехан Сабырхан Қытай боксшысын 3 рет нокдаунға түсіріп, финалға өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Шавкаттың жалақысы 120 мың теңге еді”: Рахмоновтың экс-жұбайы бар дүниені жайып салды

“Шавкаттың жалақысы 120 мың теңге еді”: Рахмоновтың экс-жұбайы бар дүниені жайып салды

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде өткен өміріне қатысты әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Ол жазбасында спортшының мансап жолының басындағы қиындықтарды еске алып, сол кезеңдегі тұрмыстық жағдай мен еңбекті атап өтті. Айтуынша, ол кезде Рахмоновтың жалақысы небәрі 120 мың теңге болған, ал жарақаттарға қарамастан, екеуі де алға ұмтылуын тоқтатпаған.

Гүлайым Рахмонова спортшының табысқа жетуіндегі басты фактор – тынымсыз еңбек пен тәртіп екенін жеткізді. Олар күн сайын бірнеше рет жаттығып, бос уақыттарын да тиімді пайдаланған. UFC-ке шығу екеуінің ортақ арманы болғанын да жасырмады.

«Бұл фотоларда ешқандай атақ, ешқандай миллион ақша жоқ… Шавкаттың сол кездегі жалақысы небәрі 120 мың теңге болды. Бірінші фотода – 2017 жылдың қаңтары. Ол алғаш рет аяғынан жарақат алып, жаңа жылдан кейін МРТ-дан шығып, Пришахтинск жақтағы ауруханадан келе жатқан кезіміз. Аяғымыз ауырса да, бәрібір мәзбіз», - деп жазды.

Сондай-ақ ол отбасылық өмір мен спортты қатар алып жүргендерін айтып, тұңғыш балалары дүниеге келгеннен кейін де еңбек тоқтамағанын атап өтті.

«UFC-ге шығу – екеуміздің де түпкі мақсатымыз еді. 2016 жылдан бастап таңғы 5-те тұрып, жаз-күз демей еңбек еттік. Ол жүгіріп кетеді, мен таңғы ас дайындаймын. Демалыс күндері қазақша оқып-жазуды бірге үйрендік. Автограф қоюға дейін жаттықтық – ертең жанкүйерлерің көп болады деп», - деді.

Жазба соңында ол өткенге қатысты ойын білдіріп, өз еңбегінің де бар екенін және оны жоққа шығаруға болмайтынын жеткізді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.