Төрехан Сабырхан Қытай боксшысын 3 рет нокдаунға түсіріп, финалға өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Күйеуінің қорлығына шыдамаған әйел екі баласын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

Күйеуінің қорлығына шыдамаған әйел екі баласын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған
Фото: depositphotos.com

Үндістанның Телангана штатындағы Варангал округінде қайғылы оқиға орын алды. Әйел екі кішкентай ұлын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды kznews.kz Afternoon News-қа сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл жағдай отбасындағы ұзақ уақытқа созылған психологиялық қысыммен байланысты болуы мүмкін.

Қаза болған әйелдің аты Шравани екені анықталды. Ол Правин есімді ер адамның жұбайы болған. Отбасы жұмысқа байланысты Хайдарабад қаласына көшіп барған. Кейін белгілі болғандай, Правин басқа әйелмен қарым-қатынаста болып, өткен жылы сонымен некеге тұрған. Бұл жағдайды білгеннен кейін отбасында жанжалдар басталған. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйелге психологиялық қысым көрсетілген, яғни күйеуі оған екінші некесінің фото және видеоларын әдейі көрсеткен. 

Қайғылы оқиға алдында Шравани балаларын жатақханадан алып кеткен және ағасына хабарлама жіберіп, өзін және ұлдарын өлтірмек ниеті бар екенін білдірген. Туысы үйге келген кезде, көршілермен бірге есікті бұзып кіргенде әйел мен екі баланың мәйіттері табылған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Правин ұсталды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер