Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман әлеуметтік желіде резонанс тудырған мәлімдеме жасады. Ол өзін және отбасын сынағандарға жауап беріп, хейт пікірлерге қарсы ойын ашық жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
Айманның айтуынша, соңғы уақытта көпшілік Қабатовтың есімін түрлі мақсатта пайдаланып, желіде негізсіз әңгіме таратып жүргендер көбейген. Ол жеке өмірдің көпшілік талқысына салынбауы керектігін атап өтіп, әр адамның өз тағдыры бар екенін еске салды.
"Қазір қайтсем де елдің көзіне түссем екен деп, аға буын, іні-бала буын, өнер, бизнес, үкімет болсын кім болса сол тек Қабатов деген брендті тілдеріне тиек етіп алған. Әрине СТАТИСТИКА бойынша ең көп қаралым алып отырған Қазақ-Орыс тілді,6 мемлекеттің адамдары екен. Соң пайдаланылып соц-сетьде не болса соны жазып дамытар, өсек,қаралау, ойларына не келсе соны жазып отырғандар өте көп. Елде Заңды бұзып соған қарсы шығып бір бүлік шығарғандай, Әлемде жалғыз Тұрсынбек пе ажырасқан? Қай баласын далаға тастапты? Қай баласын қараусыз,аш қалдырыпты? Сіздер талқылаптын әңгіме емес. Жеке өмір сол ҮШІН ЖЕКЕ деп аталады. Әр үйде бір әр адам бар тағдыры ұқсас. Өмір сүріңіз!?! Әсіресе Өнерде бірге жүріп Қабатов деген брендтің құлағанын күтіп жүрген жандар КӨПСІЗДЕР. Бірақ Алланың басына берген бағын, Алланың маңдайына берген Өнерін ешкім де Ешқашан тартып ала алмайды. Осы уақытқа дейін Қазақтың кетпейтін, өзімен жетектіп,99% сол орындап жатқандығы да өтірік емес. Азғантай өмірде өзгенің емес Өзіңнің осы уақытқа дейін не пайдалы тиді, Не жасадым деп ойланып әрекет ететін Заман", - деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол өнердегі жетістік пен танымалдықты ешкім тартып ала алмайтынын айтып, жұртты өз өміріне мән беруге шақырды.
Дегенмен, Айманның бұл пікірлері желі қолданушыларына ұнай қоймай, көпшілік арасында түрлі реакция тудырды.