Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі әлеуметтік желіде жалғыз ұлына екінші рет той өткізгенін хабарлады, деп жазады kznews.kz.
Әншінің айтуынша, думанды шара Арал өңірінде, туған жерінде ұйымдастырылған. Тойға ағайын-туыс, дос-жаран жиналып, үлкендердің батасы берілген.
«30 күн ойын, 40 күн той – береке мен қуаныштың белгісі. Аллаға шүкір, Аралға барып, туған жерімізде әдемі той өткіздік», – деп жазды ол.
Сондай-ақ әнші барша жұртқа ақ тілегін арнап, әр шаңыраққа береке мен молшылық тіледі.