Висконсин штатында қайғылы оқиға орын алды. Пышақ жарақаттарымен табылған әйел өз үйінде бірнеше күн өлі күйінде жатқан, деп хабарлайды kznews.kz People-ға сілтеме жасап.
Милуокиде 13 наурызда 41 жасар Джейн Пендлтонның денесі табылғаннан кейін қылмыс тергеуі басталды, Бастапқыда полиция оның атын жарияламағанымен, жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерден әйелдің кім екені анықталып, оған арналған көңіл айту хабарламалары тарала бастады.
WISN телеарнасы алған іздеу ордері құжаттарына сәйкес, тергеушілер алғашында Пендлтон денесінде «дененің әр бөлігінде 20-дан астам пышақ жарақаты бар» деп бағалаған. Алайда сот-медициналық сараптама көрсеткендей, нақты жарақат саны 107-ге жеткен, ал әйел полиция оны тапқанға дейін бірнеше күн бұрын қайтыс болған.
Детективтің құжатында Пендлтонның оң білегінде «аяқ киімнің айқын ізі» бар екені айтылған. Сонымен қатар, билік Пендлтонмен таныс болған және полицияға қарама-қайшы ақпарат берген ер адамның үйін тексеруге рұқсат алған. Бұл адамның аты-жөні әлі жарияланбаған, себебі ол күдікті ретінде ресми түрде тіркелген жоқ.
Әлеуметтік желілерде Пендлтонның балаларымен және отбасымен өткізген қуанышты сәттері жарияланған. 24 ақпанда жарияланған селфиде ол «Мен өзімді өте жақсы көремін» деп жазған.