Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қателестік: Жазира Байырбекова ұлының тойынан кейін кеткен кемшіліктер туралы айтты

Қателестік: Жазира Байырбекова ұлының тойынан кейін кеткен кемшіліктер туралы айтты
Фото: Ашық дереккөз

Әнші Жазира Байырбекова жалғыз ұлының тойынан кейін ұйымдастыру барысында кеткен кемшіліктер туралы айтып, әлеуметтік желіде видео жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, тойға шақырылған қонақтар тізімі бірнеше рет өзгертілген. Алайда соңғы жаңартылған нұсқа қолданылмай, ескі тізімдер пайдаланылған.

«Той біткен соң, екі күннен кейін барып барлық кемшіліктерді біліп жатырмыз. Қарасақ, тойға келетіндердің тізімі бірнеше рет жасалды. Ең соңғы, екі күн бұрын жасалған тізім кетпей, ескі тізімдер кетіп қалыпты. Координатордың қолында басқа тізім, “лэдта” басқа тізім.

Қонақтарды отырғызуда біраз қателестік. Біз қонақтар дұрыс отырғызылды ма деп алаңдап, тойдың қалай өткенін байқамай қалыппыз.

Той жасап жүргендер түсінеді. Әттегенайсыз той болмас», – деді Жазира Байырбекова.

Сонымен қатар әнші кейбір қонақтармен бірге билей алмағанының да себебін түсіндірді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.