Танымал әнші Айдана Меденова арбадағы талантты қыздың арманын жүзеге асырды. Алматыдағы Арбатта ол үнемі әншінің шығармаларын орындап жүргені белгілі болған. Бұл туралы оқырмандар хабарлап, өнер иесінен қызбен кездесуді сұраған, деп хабарлайды kznews.kz.
Әнші арнайы барып, жанкүйерімен танысқысы келетінін айтып, қобалжып тұрғанын да жасырмады. Ол қызға гүл шоғын және сыйлықтарын ала барған. Күтпеген кездесуге таң қалған Ақерке есімді қыз қуаныштан көзіне жас алды.
Екеуі бірге «Менімен биле» әнін орындап, әсерлі дуэт көпшіліктің жүрегін елжіретті. Бұл сәт әлеуметтік желіде кең тарап, қолданушылар Айдана Меденованың қарапайымдылығы мен шынайылығына жоғары баға берді.