Миннесота штатында ер адам мен оның үш жасар ұлының денелері табылды; кейін құқық қорғау органдары бұл оқиғаны «қатігездікпен өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау» деп бағалады, деп хабарлайды kznews.kz People-ға сілтеме жасап
Беккер округінің шериф офисінің мәліметінше, 30 наурызда ер адам Холмсвилл елді мекеніндегі ағасының үйіне барған, себебі ол жұмысқа шықпаған. Сол жерде ол ағасының көз жұмғанын, ол оқ жарақатынан дүниедегн озғанын байқаған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері үш жасар баланың денесін де тапқан, оның денесінде де оқ жарақаты болған. Қаза болғандардың жеке басы анықталды: 45 жастағы Джин Бартнес және оның ұлы Колтин.
Шерифтің айтуынша, Бартнес өз-өзіне қол жұмсаған, ал Колтиннің өлімі «қасақана өлтіру» деп тіркелген. Қазірше оқиғаның себебі белгісіз.
Колтиннің анасы Кристи Фрейзер Valley News Live телеарнасына берген сұхбатында Бартнес өлер алдында үш жазба қалдырғанын, оның бірінде кешірім сұрағанын айтқан. Ол оқиғадан бұрын Бартнестің оғаш әрекеттерін байқаса да, ешқашан мұндай қылмысқа баратыды деп ойламағанын жеткізді.
«Полицияның мәліметінше, Колтин ұйықтап жатқанда артынан келіп атқан, содан кейін әкесі қасында отырып, өз кеудесіне оқ атып өлген», — деді Фрейзер.