Жақсыбековтен Көлгіновке дейін: астананы 24 жыл бойы кім қалай басқарды

0
3767

Елорда әкімінің креслосы – саяси биліктегі шың емес, бірақ шырқап кетуге арналған тамаша трамплин іспетті. Екінші жағынан, бұл позицияның өзі әрқашан қаржылық және әкімшілік карт бланшты ұстатады кімге де болсын. Сондықтан 24 жыл ішінде осындай жоғары лауазымды атқаруға ниет білдірушілер аз болған жоқ, бірақ Астанадағы басты орынтақты иеленгендер көп болған емес. Ал Нұр-Сұлтанның өзі Алтай Көлгіновпен үш жылдан бері қоштаса алмай жүр. Ulysmedia.kz редакциясы елорда күні әр жылдары елдің бас қаласын басқарған адамдарды еске алып, оларды қала тұрғындары мен ел басшылығы қалай мақтағанын, қалай даттағанын еске түсіріп, сондай-ақ олардың қалаға қандай мұра қалдырғанын сараптап көрді.

Күлімдеген Жақсыбеков

Астана 1997 жылы желтоқсанда Ақмолаға көшті. Содан кейін қалада алғашқы ресми әкім пайда болды. Ол – Ақмола әкімшілігінің басшысы Аманжол Бөлекпаев емес, оның бірінші орынбасары Әділбек Жақсыбеков еді.

Ол кезде Жақсыбековте айтарлықтай басқарушылық бэкграунд та болмаған. Бірақ бұл қасиет Жақсыбековке қажет те емес еді. Елорда құрылысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке жобасы болғандықтан, тұңғыш президент құрылысты өз бетінше басқаруға ниеті болған. Қала басшысынан инвесторлармен және қала тұрғындарымен кездесулер кезінде тек күлімсіреу ғана талап етілді. Әділбек Жақсыбековтің күлкісін «голливуд күлкісі» деп атағандар да табылды.

Қаланың жас басшысы тек қолдаушы актердің рөліне қанағаттанбай, қаладағы қызу қызметті қолға алды. Еліміздің әр өңірінен келген құрылысшылары тұрғын үйлерді салды, қаланың сол жағалауын салу жобалары жасалды. Ол кезде астанаға құйылған ақша Есіл өзенінің қарқынынан да қатты еді!

Әлбетте, Жақсыбеков өз мүддесін де ұмыт қалдырған жоқ: «Цесна» ұнының сол кезде аты шыға бастаған. Ұн ғана емес, Астанада осы брендтің атауымен дүкендер, банктер, БАҚ пен типографиялар да ашылып жатты. Қазір Жақсыбековтар отбасының ел экономикасына ықпал ету ауқымы едәуір азайып қалды: «Цесна» империясы активтерінің бір бөлігі жойылды, бір бөлігі елдің басқа байсалды азаматтарына сатылды, бірақ клан өкілдері бірнеше рет байыған қазақстандықтардың тізіміне кіріп үлгерген. Сондықтан Жақсыбековтер бұл күнде кедей деп ойлаудың өзі қателік болар еді.

Жақсыбеков өз ісін қоғамдық істермен ұштастыруда шебер-ақ. Ол елорданы екі рет басқарып үлгерген (1997 – 2003 жылдары және 2014-2016 жылдары) бірден-бір әкім.

Әділбек Жақсыбеков (Фото: ашық дереккөзден)

Оның әкімдікке екінші рет келуі автотұрақ проблемасының шиеленісуімен ерекшеленді. Әділбек Рыскелдіұлы шешімді тауып, МЖӘ схемасын бекіткен. Ол бойынша әкімдік тұрақ салады, тәртібін қолдайды, ал жекеменшік иесі көлікті тегін қою ешкімнің миына кіріп шықпайтындай деңгейде тұрақ үшін ақы алатынына көз жеткізеді. Жеке серіктес «Парковочное пространство Астаны» компаниясы болды. Оны Жақсыбековтың жиені Арман Батпен басқарды.

Жақсыбековке қарсы айтылған сын да аз болған жоқ. 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев тіпті оған Талдыкөлдің жағасында киіз үй тігіп беретінін уәде еткен. Ол жақтан шығатын иіске шағым көп-тін. Жақсыбеков мәселені шеше алмады.

Назарбаевтың аузынан шыққан осы сөзден кейін бір айдан соң Жақсыбеков әкім лауазымымен қош айтысты. Ппезидент әкімшілігіне қызметке кеткен. Сол жақта жүріп, ол зейнетке шықты.

Жермен есте қалған әкімдер

Елорданың екінші әкімі – Темірхан Досмұхамбетов. Ол Астананы жарты жылдан астам уақыт басқарды. 2003 жылдың маусымында келіп, 2004 жылдың наурызына дейін болды да, ешқандай із қалдыра алмады. Дәл соның кезінде елордада 10 гектар жерді тегін тарату науқаны басталды. Бірақ жер адамдарға алты ай бойы тұрғын үй салу міндеттемесімен бірге берілгенімен, учаскелер далада ешқандай коммуникациясыз беріліп жатқаны ескерілмеді. Қала әкімшілігі әлі күнге дейін елорда маңындағы Талапкер, Қосшы, Үркер халқының мәселелерімен бетпе-бет келеді көбінесе. Бір жерде жарық өшеді, екінші жерде су тоқтайды. Мәселе бітпейді бір сөзбен.

Темірхан Досмұхамбетов (Фото: ашық дереккөзден)

Темірхан Мыңайдарұлы әкімдіктен кейін президент істерін басқарып, кейін туризм және спорт министрі, одан соң мәжіліс депутаты атанды.

Ал Өмірзақ Шөкеевтің кезінде де жер мәселесі шиеленісе түсті. Ол Астананы 2004-2006 жылдары басқарып, саяжайларды мемлекет мұқтажына алып қоюды жолға қойды. Уәде етілген саябақтардың орнына ВИП-коттедждер қаулап өскенін көрген адамдар кейде ашуланатын. Бірақ мемлекеттің қажеттілігі тез өзгерген заманда ешкім ештеңе істей алмайтын.

Өмірзақ Шөкеев (Фото: ашық дереккөзден)

Елорда әкімінің креслосынан Шөкеев ауыл шаруашылығы министрінің креслосына отырды. Содан кейін «Самұрық-Қазына» АҚ бірінші вице-премьері және басқарма төрағасы болды. Қазір ол Түркістан облысын басқарады.

Ол мұнда бәрін таниды

2006-2008 жылдары Астананы Асқар Мамин басқарды. Елдің бас қаласы ана үшін Маминнің есімі бейтаныс емес екенін атап өткен жөн. Ол осы өңірдің тумасы Тоқсаныншы жылдардың соңында қала әкімінің орынбасары болды. Содан кейін көлік министрлігіне кетті, ал 2006 жылы ол Астана әкімшілігіне оралды.

Сыбыстарға сенсек, мамин 1997 жылы «Еуразия» сауда-ойын орталығының құрылысына лобби жасаған. Түпкі бенефициары да өзі. 20 жылдың ішінде Асқар Мамин екінің біріне бұйыра бермеген лауазымдарды атқарды. Премьер-министр деңгейіне дейін жетті. Шағын ғана «Еуразия» базары ақыры киім-кешек пен керек-жарақ толы алып сауда кешеніне айналды.

Асқар Мамин (Фото: ашық дереккөзден)

Оның басқаруы кезінде көпшілік құрылыс жұмыстары шегіне жеткенін, қала үлкен мәселелермен бетпе-бет келетінін айтысатын.

Бірақ құрылыс ауқымы ең пессимистік үміттерден де асып түсті: қалада жүздеген ғимараттар қатып қалды, клиенттерге жылжымайтын мүлікті уәде еткен компания иелерінің бір бөлігі жоқ пәтерлерді сата бастады. Бір пәтерді бір емес, үш рет сатқандар да болған.

Бірақ бұл мәселелер кейін функционер сипатындағы Маминнің емес, саясаткер Тасмағамбетовтың мойнына түсті.

Тасмағамбетовтың кезінде бұлай болмаған

Иманғали Тасмағамбетов елорданың алтыншы әкімі. 2008-2014 жылдар аралығында бақандай алты жыл қызмет атқарды. Бәрінен асып түсті мерзім жағынан.

Егер елорданың қалған әкімдері үшін бұл лауазым өз мансабында трамплинге айналса, онда Тасмағамбетов қала басшыларына тағайындалғанға дейін еліміздің көрнекті саяси қайраткері болды. Оның қызметінде премьер-Министр мен Мемлекеттік хатшының лауазымдары болды. Бірақ заман қиын болды, Астанаға тәжірибелі адам керек болды.

Елорданың қалған әкімдері үшін бұл лауазым өз мансабындағы трамплинге айналса, Тасмағамбетов қала басшыларына тағайындалғанға дейін еліміздің көрнекті саяси қайраткері атанып үлгерген. Өз өмірінде премьер-министр мен мемлекеттік хатшы лауазымдарын атқарған. Бірақ заман қиындай түсті де, Астанаға тәжірибелі адам керек болды.

Иманғали Тасмағамбетов (Фото: ашық дереккөзден)

Тасмағамбетовке үлескерлермен мәселені реттеп, қаланы тазалап, оған астаналық келбетті қайтаруға тура келді. Оның тұсында «Астана опера» театры мен Оқушылар сарайы тұрғызылып, «Әзірет Сұлтан» мешіті бой көтерді.

Елорданың әр басшысының өз «зауыты» бары айтылады. Сол қауесеттерге сенсек, Иманғали Нұрғалиұлының бетон зауыты болған. Бұл солай ма, жоқ па ол жағы кім білсін, әйтеуір оның әкімшілігі кезінде қалада көптеген жол мен тротуар салынып, гүлдер әдемі бетон гүлзарларына егіле бастады. Бұл тіпті Астананың визит картасына айналды.

Тасмағамбетовты әлі күнге дейін астаналықтар жылы лебізбен есіне алып отырады. Көшеде шашылып жатқан қоқысты көргенде «Тасмағамбетовтың тұсында бұлай болмаған» деп күрсініп қоятындар да бар.

Бірақ ол әкімнің тұсындағы ең абыройсыз жоба — Astana LRT болғаны анық. Алдыңғы әкімдердің тұсында жобаны біреуі қолап, екіншісі мақұлдамаса да, дәл сол Тасмағамбетовтың тұсында ауқымды жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталған. Саясаткердің тәжірибесі мықты болғанымен, LRT – қазақстандық жемқорлықтың символына айналып шыға келетінін Тасмағамбетовт сезбесе керек.

Бірақ ұмытылып бара жатқан LRT жобасы дәл Тасмағамбетовтың тұсында тірілді. Назарбаевтың өзі қолдаған жобаға ақша құйылып жататын. Бюджеттен 2,3 миллиард доллар бөлу жоспарланды, содан кейін бұл сома өсті. Жобаның құны LRT-мен идеяны «көмуге» шешім қабылдаған Назарбаевтың өзін ашуландырумен аяқталды. Тасмағамбетов BRT арзан нұсқасына оралуға дайын болғанымен, әкім бұдан кейін көп аялдаған жоқ.

Тасмағамбетов қорғаныс министрі, премьер-министрдің орынбасары және Қазақстанның РФ-дағы төтенше және өкілетті елшісі болып жұмыс істеді. Қазір ол зейнеткер.

«Солтүстік пен сервердің» қолдаушысы

2016-2018 жылдары Астананы Әсет Исекешев басқарды. Ол қалада қызметтерге ақы төлеу мен мемлекеттік қызметтерді алуда цифрландыруды енгізді, қар жинайтын үлкен кешендерді сатып алды, «Экспо-2017» кешенін салуға атсалысып, көрме өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев қоқыстармен күрестегі Исекешевтің тәжірибесін Қазақстан өңірлерінің барлық әкімдеріне зерделеуді ұсынған. Алайда, оның «ізашарлары» сияқты Әсет Өрентайұлы да халық пен жеке істі сәтті ұштастырды деген сыбыс бар. Осылайша, «Сергек» камералары тіркеген заңбұзушылықтар үшін салынатын барлық айыппұлдар әкімнің тұсында бір қалтаға жинала бастады, ал қызметтік көліктерден таксиге ауысқан әкімдік шенеуніктері тек бір ғана аккредиттелген таксопарктің қызметін пайдалануға міндетті болды. Исекешев бұл жобалардан пайда алды ма – белгісіз, бірақ, қалай болғанда да, оған қарсы антикор тарапынан әңгіме болған жоқ. Ол билік еткен жылдары «Тақтар ойыны» сериалы шығып, Әсет Исекешев «Солтүстіктің сақтаушысы» деп атала бастады. «Сергектің» құрметіне «Сервердің де» деген сөз қалды артынан.

Әсет Исекешев (Фото: ашық дереккөзден)

Әкімді орынтақтан тағы бір топан су «шайып» әкетті – қаланың нөсер кәрізі жаңбырмен ұзақ уақыт бойы күресе алмады, бірақ бұл жаңбыр президент жанындағы астананы дамыту жөніндегі жыл сайынғы кеңеске дейін болған. Исекешевті Қазақстанның астанасы жаңбырдан кейін Венецияға ұқсағаны үшін айыптады және дәстүр бойынша президент әкімшілігін басқаруға жіберді.

Министрлікке тыныштау

2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың маусымына дейін Елорда әкімдігін Бақыт Сұлтанов басқарды. Бұл тағайындау қала тұрғындары үшін де, көптеген сарапшылар үшін де күтпеген жағдай болды. Ал шын мәнінде – қаржы қайда, Астана қайда? Оның мәңгілік құрылысымен, толып жатқан мектептердің өсіп келе жатқан проблемасымен және тағы басқалары Сұлтановтың мойнына ілінді?

Соған қарамастан Бақыт Сұлтанов жұмысқа энтузиазммен кірісті. Ол проблемалық учаскелерге өзі барып, базарлардағы бағаны өзі барып тексерді. Қала шетін жөндеуге уәде берді.

Бақыт Сұлтанов (Фото: ашық дереккөзден)

Сұлтановтың тұсында ел тарихындағы ең есте қаларлық қайғылы оқиғалардың бірі болды: Ситерлер отбасының бес баласы өртке оранып, бұл жағдай бүкіл елді дүрліктірді. Бақыт Сұлтановтың осыдан кейін көпбалалы аналармен «шайқасы» басталып кетті десе де болады. Алты ай бойы қала әкімдігі көпбалалы аналардың бәрін үймен қамти алмайтынын айтып, бәрін көндірмек болған. Алайда дегені болмады. Бұл кезде бүкіл елдегі көпбалалы аналар көтеріліп, еңбек министрін де шыжғыра бастаған. Мұның ақырында Бақыт Сұлтанов лауазымымен қоштасып, сауда және интеграция министрі болып шыға келді.

Қоқыстар мен бүлдөзірлер патшасы

Соңғы үш жылда Нұр-Сұлтанды Алтай Көлгінов басқарып келеді. Қала басшысына тұрғындардың көбі риза емес. Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан келген Көлгінов Астананы бет-бейнесі жоқ және көшелері нашар тазаланған провинциялық қалаға айналдырып жатыр дейді кейбіреулер.

Бұл наразылықта ақиқаттың үлесі, әрине, бар: Көлгіновтің кезінде Тасмағамбетов кезінде ғана емес, Жақсыбеков, Исекешев және Сұлтанов кезінде де мұндай қар құрсаулары болған жоқ. Жазда елорда — ұшатын пакеттер қаласына айналады. Қоқыс қалада жөнді тазаланбайды.

Көлгіновты Кіші Талдыкөлді көмуге рұқсат бергені үшін кешірмейтіндер көп болары анық.

Алтай Көлгінов (Фото: ашық дереккөзден)

Сонымен қатар, Көлгіновтің елорда әкімі лауазымына тағайындалған кездегі негізгі міндеті біртіндеп орындалып келеді. Қала баяу болса да, бірақ сөзсіз, қатып қалған, әлі де «нөлдік» құрылыстарын аяқтап, адамдар, ақырында, ақылы пәтерлерге кіруге мүмкіндік алып жатыр.

Сонымен, қала тұрғындары Көлгіновты қалай сынға алса да, оны Астананың басқа басшылары сияқты «көтеріңкі көңіл-күймен» алып тастауы мүмкін. Бірақ дәл қайда кетері белгісіз. Оның үстіне, әкімнің ауысуы туралы сыбыстар қала бойынша тұрақты түрде айтылып жатыр. Олардың қаншалықты шыншыл екенін уақыт көрсетеді.