Маңғыстау облысында жылына 5 мың тонна балық өсіретін жоба іске асырылуда
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Полиция Кентаудағы “маньяк“ туралы хабарламаның авторын іздестіріп жатыр

Полиция Кентаудағы “маньяк“ туралы хабарламаның авторын іздестіріп жатыр
фото: ашық дереккөз

Полиция Кентауда маньяк жүр-мыс деген хабарламаның авторын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz Түркістан облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, құқық қорғау органдарына Кентаудағы Яссауи даңғылында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан адам денесі табылды-мыс деген хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы бірден барды. Полицейлер аумақты, оның ішінде қоқыс жәшіктерін тексеріп шықты, алайда мәйіт табылғаны туралы ақпарат расталмады.

Полиция жариялаған видеода қала тұрғындары арасында "маньяк" туралы хабарлама тарағаны да айтылады.

"Қазіргі уақытта хабарламаның шыққан көзі және оның таралу жолдары анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырып, көрінеу жалған ақпарат үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда Telegram-дағы жанжалдан кейін қарсыласына жала жауып, теракт туралы жалған хабарлама ұйымдастырған ер адам сотталған болатын. Ол тұрғын үйде 34 келі гексоген бар екенін айтып, ақша талап еткен.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.