Маңғыстау облысында жылына 5 мың тонна балық өсіретін жоба іске асырылуда
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Президент мұғалімдерді аттестациялау талаптарын жеңілдетуді тапсырды

Президент мұғалімдерді аттестациялау талаптарын жеңілдетуді тапсырды
Фото: Ақорда

Президент мұғалімдерді аттестациядан өткізу талаптарын қайта қарап, жүйені жеңілдетуді тапсырды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мұғалімдер қағазбастылыққа шағымданған

Президенттің айтуынша, ұстаздардан аттестация ережелерін қайта қарау туралы көптеген өтініш түскен. Педагогтер артық жүктеме мен қағазбастылықтың көптігіне шағымданып отыр.

Осыған байланысты педагогтерді аттестациялау талаптарын оңтайландыру және жетілдіру жөнінде нақты тапсырма берілген.

«Бұл жерде бағалаудан мүлде бас тарту немесе оны күрделендіру туралы сөз болып отырған жоқ. Білімді әділ бағалау – білім беру жүйесінің өзегі. Бізге мейлінше түсінікті әрі ашық жүйе керек», – деді Президент.

«Өрлеу» орталығының жұмысына сын

Мемлекет басшысы мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету үшін құрылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қазіргі жұмысына да баға берді. Президенттің пікірінше, бүгінде орталықтың жұмысы күткендей нәтиже бермей отыр.

Тиісті министрлік аттестация жүйесіне қатысты ұсыныстар әзірлеп, оларды жақын уақытта ұсынуы керек.

Сонымен қатар педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларына жаңа Конституция құндылықтарын, «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» идеяларын енгізу ұсынылды. Президент бұл бағыттағы жұмысты педагогтердің қызметтік міндеттерімен байланыстыруға болатынын айтты.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі