Жаңаөзенде әткеншекке таласқан екі әйел төбелес шығарды (видео)
Әлеуметтік желілерде Жаңаөзендегі балалар алаңында екі әйелдің төбелескен видеосы пайда болды, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Екі әйел жұдырықтасып, бір-бірінің шашынан ұстап, арбасын лақтырып жіберді. Онда балалардың жылап жатқан дауысын естуге болады. Жаңаөзеннің екі тұрғынын өтіп бара жатқан адамдар ажыратып алды.
Бұл оқиғаға Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді:
Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында Жаңаөзендегі екі әйелдің төбелесі туралы бейне жарияланды. Полиция екеуінің де жеке басын анықтады, содан кейін азаматтар қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Әйелдердің бір-біріне деген талаптары жоқ, мәлімдемелер жазған жоқ. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, — деп хабарлады өңірдің ПД.
Видео: lada.kz