Жаңалықтар

Желтоқсан: Ербол Сыпатаев туралы бұрын-соңды кездеспеген дерек

Желтоқсан: Ербол Сыпатаев туралы бұрын-соңды кездеспеген дерек

Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңда алған соққыдан көз жұмған жас Ербол Сыпатаев болатын. Ол туралы деректер өте аз. Білетініміз сол кездегі Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген Ербол Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматылық энергетика институтының 2-ші курсында оқып жүреді. Одан әрі «Қазақ КСР Жоғарғы Советі президумының Алматы және Қазақстанның өзге облыстарындағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына тиісті баға беру жөніндегі комиссия қорытындысы» (Алматы қаласы, 1990 жыл.) деректеріне көз жіберсек:

«Тағы бір қайғылы жағдай – алаңда басынан жарақаттанып, кейін қаза болған Алматы энергетика институтының студенті Е.М. Сыпатаевтың ісі. Оның әке-шешесі жоқ, туысқандары ғана бар. Бірақ олар Алматыға шақырылмаған. Қаза туралы анықтаманы ауруханадан МҚК қызметкері алады. Сосын ол милиция қызметкерлерімен бірге мәйітке салынған табытты туысқандары тұратын жерге алып жүреді. Түн ішінде келеді. Алдын-ала хабарланғанда туысқандарды оларды алдыннан шығып күтіп алады. Оларға жігітті алаңда жаралы күйінде тауып әкелгендерін, ауруханада өлгенін, өлтірген адамның белгісіз екенін, қазір бұл іспен прокуратура айналысып жатқанын түсіндіреді. Прокуратура шындығында іс қозғайды, бірақ ол оның өлімі туралы емес, оқиғаларға қатысы жөнінде еді, “айыпталушының” қазасына байланысты іс жабылады».

Ербол Сыпатаев туралы ресми құжаттағы аз ғана дерек осы. Ал оның алаңдағы іс-әрекеті турасында білетіндер болса әлі естелік айтар деген ойдамыз. Әзірше, Ербол Сыпатаев туралы нақтылай айтқанда оның алаңдағы еркегі қарындастарын құтқаруға байланысты болғандығын айғақтайтын материалдан …үзіндісі оқырман назарына ұсынылмақ. Шахмет Оразымбекұлы есімді азамат өз мақаласында («Заман» газеті, 14 желтоқсан, 1997 жыл, «Ол Алаңға өлім іздеп барған жоқ еді») Ербол Сыпатаев туралы бұрын сонды кездеспеген тың деректер ұсынады.

«Сырт киімдері жыртылып, ыстықтарында төгілген шаштары қобыраған қос бойжеткеннің ығына алып қорғалтай үнеген Ербол бұларға құтырынып келе жатқан әскерилерден жетіп келіп, олды-солды келтірген сермеген сауыттының аяқтан шалып құлатты да, қасындағыдарға «тез қоршаудан шығалық» деп қолдарынан жетелеп қарсыдағы көпқабатты үйлердің қақпасына қарай жүгірді. Бұлар қарулы қарулаушылар жүретін етіп, тар көшенің бойымен төмен қарай түсе бергенде, ат үстінен естілген зілді дауысқа жалт қараса, қолдарында сапер күрегі бар екі формалы қуып келеді екен. Ербол қыздарға: «Ештеңеге қайырылмай тез жүгіріңдер, үлкен көшеге шығып кетіңдер» дегенше, әшкеленіп келіп, көздеріне қан толған қарулы екеу бас салып, Ерболмен айқаса кетті. Қолына, иығына тиген күрек соққыларға қарамастан арпалысқан Ербол оларды біразға дейін алдырмады. Ұзынтұрасын жамбасқа салып, алып ұрды. Тура бергісі сол еді, басына сарт ете түскен соққыдан әп-сәтте көз қарауытып сала берді. Бар күшін жиып, төтен келген екінші көзі қарауытып сала берді. Бар күшін жиып, төтен келген екінші соққыға қолын тосып үлгерді. Бірақ, аяғы тайғанап, сүрініп құлады. Осы сәтте орнынан әрең тұрып үлгерген ұпай қыздардың бірі Ерболдың басына ауыр затпен салып қалды. Қапыда қалған албырт жас дүрс етіп құлады. Аяушылық пен мейірімділік атаулыны ұмытқақ елі аусыз тепкісін астына алды. Ауыр соққылардан Ербол есін жоғалтты. Одан әрі не болғанын білмейді. Есін жиып, кірпігін көтеруге ғана шамасы келгенде байқасаңы, маңында тұрған ақ халатты дәрігерлер еді.

Алдында тұрған ақ халаттыларға жалынғаниын білім бара жатқан көздерін қадап жатып ол: «Қыздар тыныштық ма екен?» деп ойлады. Оларға қарап жатып ол «мен алаңға өлім іздеп барған жоқ едім ғой», «Елім- ай, ертең не болар екен?» деп күйінді... 1986 жылы желтоқсан көтерілісіне қатысып, небәрі 22 жасында ауруханада жарық дүниемен қоштасты...

Төлепберген Болатбек

«Желтоқсан Қарлығаштары» кітабынан үзінді.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz