Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қырғыз Президенті қалың қарды омбылап сабаққа барған оқушыға өз телефонын сыйлады

Қырғыз Президенті қалың қарды омбылап сабаққа барған оқушыға өз телефонын сыйлады
Видеодан алынған кадр

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 17 желтоқсанда Ош облысы, Қара-Күлжа ауданы, Қоо-Чаты ауылындағы «Айдын-Кол» бастауыш мектебінің 4 сынып оқушысы Нұрзаман Алмазбековті қабылдаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқушының қар омбылап оқуға бара жатқан сәті түсірілген видео тараған еді. Онда 4 сынып оқушысы қар қалың болса да (шамамен 1 метрге жуық), қиналып жүрсе де, мектепке қарай табандылықпен бара жатады. Президент Садыр Жапаров бұл видеоны көріп, баланың қиын жағдайда да оқуға ұмтылғанын жоғары бағалады.

Ол Нұрзаманды президенттің жаңа жылдық мерекелік шыршасына шақырып, бүгін оған жеке өзі сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар президент оқушыға өзінің ұялы телефонын берді.

Мемлекет басшысы бұл баланың өзіне балалық шағын еске салғанын айтты: ол да бала кезінде алыстағы Кен-Суу ауылында қарды кешіп, мектепке барған екен.

Кездесу соңында президент Садыр Жапаров Нұрзаманға үлкен табыс тіледі.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.