Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кеш түсіндім! Бейбіт Ыстыбаев өмірдегі өкінішін айтты (видео)

Кеш түсіндім! Бейбіт Ыстыбаев өмірдегі өкінішін айтты (видео)
Видеодан алынған кадр

«Қазақстан барысының» үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев өмірдегі өкінішін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Спортшы журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында уақыттың, жастық шақтың қадірін кеш түсінгенін жасырмады. Ол кезінде спортта уақытылы жаттығуға барып, режиммен жүрмегеніне өкінетінін айтты.

«Өмір бойы 18-19 жаста болып тұрмайсың. Бұл уақытша өмір. Қазір спортшылармен сөйлескенде бір нәрсені түсінбейтінін байқаймын. Чемпион болғаннан кейін өмір бойы қошемет көремін, төрде отырамын деп ойлап қалады. Бірақ олай емес екен. Өзім де солай ойладым. Оларды бір жерге жұмсаудың да өз жөні бар. «Бар, алып кел!» десең ешкім айтқаныңды істемейді. «Айналайын, ботақаным, палуан, бізге қарағанда жеңілдеусің ғой, барып келші» десең, алып келеді. Осындай кезеңнен біз де өттік. Біздің өзіміз кеш түсіндік. Әлем чемпионы болатындай мүмкіндік болды. Сол кезде дұрыс жаттығу жасамадым, баратын жерге бармадым, ұйықтап қалдым. Жас кезімде қырсықтау болдым, өзіңе сенімдісің, саған жақын тұрған адам жоқ екенін білесің. Содан кейін жата саласың, бармай қаласың. Таразда мені жаттықтырған Серік ағамның жыны келетін. «Бейбіт, сенің де орныңды басатын біреу келеді» деп айтатын. Ұрайын десе, жігіт болып қалғанбыз. Спортта режимді бұзбаған адам ғана чемпион болады», - дейді Бейбіт Ыстыбаев.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.