"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Ақжарқын елге қайтарыла ма?" – Қытайда тар қапаста отырған қазақ қызы туралы тың дерек шықты (ВИДЕО)

"Ақжарқын елге қайтарыла ма?" – Қытайда тар қапаста отырған қазақ қызы туралы тың дерек шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев әлеуметтік желіде тараған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ведомство өкілінің айтуынша, Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай қазіргі уақытта Қазақстанға жеткізілген жоқ. Дегенмен, оның елге қайтарылуы үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Ержан Ашықбаев бұл мәселе оның тікелей құзыретінде емес екенін айтып, нақты қандай шаралар қолданылып жатқанын әзірге айта алмайтынын жеткізді.

"Бұл мәселе менің тікелей бақылауымда болмағандықтан, қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын нақты айта алмаймын. Егер жазбаша сауал жолданса, ақпарат беруге дайынбыз. Ақжарқын Тұрлыбай – Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, бұл мәселе үнемі назарымызда. Үміт бар, алайда оның қалай жүзеге асатынын уақыт көрсетеді", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер