Жалақысын алу үшін базар күзетшілері ай сайын сүрелер жаттап жүр

Алматыдағы әйгілі барахолка діни фанатиктердің бақылауында сияқты. «Байсат» базарында күзетші болып, жұмыс істейтін танысым айлық алу үшін құран сүрелері мен аяттарды жатқа білуің керек деп айды аспанға бірақ шығарды. Яғни, ай сайын жалақының уақыты жақындағанда базарға молда келіп күзетшілерден емтихан алады екен. Кімде кім сүре немесе аяттан шатасса, айлығынан 5 мың теңге ұстап қалады дейді. 4 рет қателессең жалақыңнан 20 мың теңге жоқ деген сөз.
Ең сорақысы жиі қателескендерді бірден жұмыстан шығарып жібереді екен.
Бәріміз білетін Фатиха мен Бақара емес ең қиын, қарилар ғана жатқа соғатын сүрелерді сұрайды дейді танысым. Кей дыбыстарға тілің келмей шатассаң, молдекең айқайлап, әңгір таяқ ойнатады екен. Жасы егде тартқан күзетшілер біразын жаттап алған. Ал, отбасын асырау үшін 2-3 жерде жұмыс істейтін жастарға обалды деп отыр таныс ағам.
Күзетшілерден сынақ алатын молда Жаңатұрмыс мешітінен келеді екен-мыс. Оған базар басшылары кәдімгідей айлық төлейді. Ол аздай барлық күзетшілерді намаз оқуға мәжбүрлейді екен. Бұрыннан келе жатқан бұл ереже қаңтардағы қырғыннан кейін сап тыйылған. Бірақ соңғы 1-2 айда қайта басталыпты. Күзетшілер Жаңатұрмыстан келетін жаңа молда қатал деп ашынып отыр.
Бірақ осы мәселенің бәрін ашық айтуға, журналистерді шақырып, шулатуға қорқады. Біріншіден, жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін. Екіншіден, бұл базар Мұхамеджан Тазабекпен бірге сапасыз суретке түсіп қалған әлгі кісінікі көрінеді. Сондықтан ол қамауда жатса да әлі қауқары күшті деп қорқады.
Абзал Құспан, Нұржан Үсипбеков, жұмысшыларды құран жаттатып намаз оқуға мәжбүрлеу қаншалықты заңды?
Ағабек Қонарбайұлы, діни басқарма тарапынан күзетшілердің мына жанайқайына не айтасыздар? Зайырлы мемлекетте кез келген азаматтың діни наным-сеніміне ешкімнің қол сұғуына жол берілмеуі тиіс қой. Сосын Жаңатұрмыс мешітінің молдасы дегенді де тексеріп көрсеңіздер. Бәлкім имам деген атты жамылып жүрген мүфтиятқа қатысы жоқ біреу шығар?!
Диас НҰРАҚЫН
Соңғы жаңалықтар
-
Қайырымдылық күні: «Игі істер» марафоны аясында жас спортшылар игі іс жасады
15 Наурыз, 2025, 21:10 -
17 жыл құлдықта болған Құндыздың түсірілім кезінде сіреспесі ұстап қалды (ВИДЕО)
15 Наурыз, 2025, 11:52 -
Звезды спорта вдохновляют на заботу о природе: в Алматы прошла акция по плоггингу
14 Наурыз, 2025, 19:41
- «Тұрсыннің балаларының көз жасына кім жауап береді?!»: Дана Нұржігіттің продюсер Баян Мақсатқызы туралы пікірі жұртқа жақпай қалды
- Қайырымдылық күні: «Игі істер» марафоны аясында жас спортшылар игі іс жасады
- 17 жыл құлдықта болған Құндыздың түсірілім кезінде сіреспесі ұстап қалды (ВИДЕО)
- ”Емізулі баласы бар үйден ас ішпеген”: Қаныш Сәтпаев туралы ел білмейтін қызықты дерек тарады
- Звезды спорта вдохновляют на заботу о природе: в Алматы прошла акция по плоггингу
- 600-ден астам компания салық органдарының назарында: жаңа фискалдық саясаттың мәні неде?
- Дариға Назарбаева мен бірнеше кәсіпкер «Астана Опера» театрының қамқоршылық кеңесінен шығарылды
- Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Қызылорда қаласында өтеді
- Маған жалған психологтер мен «коучтар» үстінен түсетін шағым көбейіп кетті — Президент
- Фукуок-Астана бағытындағы ұшақ құспен соқтығысты
Бізбен байланыс
Мекен-жай: ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон: +7 702 6094955
E-mail: aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp: +7 702 6094955