Бектенов Алматы ЖЭО-ларындағы жаңғырту жұмысын шұғыл тексеруге тапсырма берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ер адам бақшасынан жеміс ұрлаған 4 жасар қызды байлап, соққыға жыққан

Ер адам бақшасынан жеміс ұрлаған 4 жасар қызды байлап, соққыға жыққан
Фото: depositphotos.com

Үндістанның Уна округінде төрт жасар қызға бақшасынан жеміс ұрлағаны үшін қатыгездік көрсеткен бұрынғы әскери қызметкер ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz NDTV басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ер адам қызды өзінің бақшасындағы ағаштан гуава жемісін жұлып алғаны үшін байлап, ұрып-соққан.

Оқиға Химачал-Прадеш штатында болған. Алдын ала деректер бойынша, бұрын әскерде қызмет еткен үй иесі баланы үйіне кіргізіп, қол-аяғын жіппен байлап, кейін соққыға жыққан.

 Бұл жағдайды жергілікті тұрғындар біліп, оқиға орнына келіп, қызды құтқарып алған. Құтқару сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде кең тараған.

Дәл осы бейнежазба жарияланғаннан кейін полиция тексеріс жүргізе бастаған.

Уна округінің полициясы 112 жедел қызметі арқылы хабарлама түскенін айтып, ауылға қызметкерлер жіберілгенін мәлімдеді. Қыз медициналық тексеруден өткізілді. Күдікті ұсталып, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер