Бектенов Алматы ЖЭО-ларындағы жаңғырту жұмысын шұғыл тексеруге тапсырма берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде облыс әкімдігінің ғимараты жалынға оранды

Ақтөбеде облыс әкімдігінің ғимараты жалынға оранды

Ғимараттың әр жерінен үш ашық өрт ошағы анықталған, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимаратының шатырынан шыққан өрт 300 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Оқиға орнында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров тергеу тобы құрылғанын мәлімдеді.

«Сағат 21:00-де бізге әкімдік ғимаратының шатыры өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Бір сағаттан кейін өрт оқшауланды, сөндіру жұмыстары сол сәтке дейін жалғасып жатты, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында 31 техника мен төтенше жағдайлар департаментінің 106 қызметкері жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар айналадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әскери қызметкерлердің қосымша тобы келді.

Тағы да қайталаймын, зардап шеккендер де, қаза тапқандар да жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтайтын тергеу тобы құрылды. Ертең әкімдік еркін кестемен жұмыс істейді, бірақ қызметкерлердің көбі онлайн форматқа ауысуы мүмкін», – деді облыс әкімі.

ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары шақырту орнына бес минут ішінде жеткен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттың әр жерінен үш ашық өрт ошағы байқалған.

Өртті толық сөндіру үшін дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, барлық қажетті шара қабылданды. Су үздіксіз жеткізіліп отырған.

«Өртті сөндіру жұмыстары жалынның үлкен аумаққа жылдам таралуы, жанғыш материалдардың болуы, қою түтін, жоғары температура, сондай-ақ ғимараттың конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты күрделене түсті.

Өртті сөндіруге 140-тан астам жеке құрам қызметкері мен 40-қа жуық техника жұмылдырылды. ТЖМ күштерімен 300 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді. Себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады ТЖМ.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.